«Қаза болғандар бар»: Өлімге әкелетін улы бактериялар тарап жатыр
Инфекцияның 64 жағдайы анықталып, сегіз адам көз жұмған.

АҚШ-та өлімге әкелетін улы бактериялар тарап жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, улы бактерия «Хелен» дауылынан соң су басқан аймақтарда тараған. Флорида штатында жағалаудағы бес қалада инфекцияның 64 жағдайы анықталып, сегіз адам көз жұмды.
Көшелер мен су басқан үйлерде өлімге әкелетін «Vibrio vulnificus» бактериясы табылды. Ол адам ағзасына ашық жаралар арқылы еніп, жұмсақ тіндерді тез бұзады.
Мамандардың айтуынша, оның белгілері улануға ұқсас екен. Мысалы жүрек айну, құсу және диарея болады. Биыл жергілікті билік бактерия жұқтырғандар санының алты есе артқанын хабарлады.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Табиғи апаттан кейінгі індет. Сақтанудың жолы бар ма?
