Қазақстанда «Байрактар» дрондары шығарылатын болды

Оны бүгінде Украина қарулы күштері Ресеймен соғыста пайдаланып келеді.

фото: pinterest.com

Түркиялық Baykar Defence компаниясы Қазақстанда камикадзе-дрондар мен ұшқышсыз ұшатын аппараттар шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, министр Руслан Жақсылықов компанияның бас директоры Халук Байрактармен келісімге келген. Айта кетсек, бүгінде компанияның атақты «Байрактар» ұшқышсыз ұшу аппараттарын Украина қарулы күштері Ресеймен соғыста пайдаланып келеді.

Baykar Defence бас директоры Халук Байрактармен келіссөздер нәтижелі болды. Келіссөздер барысында тараптар еліміздің аумағында тактикалық ұшқышсыз ұшу аппараттары мен жедел деңгейлі оқ-дәрілерді өндіруді локализациялау мәселесі бойынша жол картасын әзірлеуге келісті, – делінген министрлік хабарламасында.

Келіссөз Түркияның Стамбул қаласында өткен SAHA EXPO-2024 IV халықаралық қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі көрмесі аясында жасалды. Сондай-ақ көрме барысында Руслан Жақсылықов Түркияның Қорғаныс министрі Яшар Гүлермен, қорғаныс өнеркәсібі агенттігінің төрағасы Халук Гергюнмен және БАӘ Қорғаныс министрі Мұхаммед бен Мүбарак Фадель Әл Мазруимен келіссөздер жүргізді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-18
Утром19.94 ℃
Днем28.78 ℃
Вечером30.86 ℃
Ночью26.45 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра6.04 м/с
2025-07-19
Утром17.17 ℃
Днем25.19 ℃
Вечером26.78 ℃
Ночью18.79 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра6.33 м/с