БҚО-да 180 млн теңге жымқырған қаржы пирамидасын ұйымдастырушы сотталды

Келтірілген шығын жәбірленушілердің пайдасына толығымен өндірілді.

Фото: Halyq Uni

Батыс Қазақстан облысында 180 млн теңге жымқырған қаржы пирамидасын ұйымдастырушы сотталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақпаратқа сәйкес, 2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың сәуіріне дейін Шыңғырлау ауданының тұрғыны «Chia Tai Pharmaceutical» қаржы пирамидасына қосылып, оның құрылымдық бөлімшесінде жетекші орынға ие болған. Фармацевтикалық зауытқа заңды инвестиция саламыз деген желеумен ол фармацевтикалық кәсіпорын қызметінен жоғары кіріс алуға уәде беріп, салымшылардың қаражатын заңсыз тартқан. Оның қылмыстық әрекетінің салдарынан 185 жәбірленушіге жалпы көлемі 180 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

Сот айыпталушын ҚРҚылмыстық кодексінің 217-баптың 2-бөлігі 2-тармағы («Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару»), 218-баптың 2-бөлігі 3-тармағында («Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)») көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп тауып,қылмыстық құқықбұзушылықтың жиынтығымен 5 жыл мерзімге қаржы ұйымдарында басшы лауазымдарды атқару және қаржы ұйымының қатысушысы болу құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады, – делінген прокуратура хабарламасында.

Келтірілген шығын жәбірленушілердің пайдасына толығымен өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Батысқазақстандықтар уәдеге сеніп 770 млн теңгеден айырылды

БҚО-да қаржылық компания қызметінен зардап шеккендерді іздеуде

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-15
Утром-4.53 ℃
Днем-1.67 ℃
Вечером1.12 ℃
Ночью1 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра7.89 м/с
2026-02-16
Утром0.85 ℃
Днем0.72 ℃
Вечером0.38 ℃
Ночью1.48 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра9.58 м/с