Иран Израиль шабуылына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен шұғыл отырыс өткізуді сұрады

Иран «халықаралық құқық пен БҰҰ жарғысын мұндай өрескел бұзушылық жауапсыз қалмайтынын халықаралық қоғамдастыққа жеткізуді» сұрайды.

Фото: life.ru

Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерриш пен Қауіпсіздік кеңесі мүшелерін «нық ұстанымға ие болуға және Израиль режимін сөзсіз батыл айыптауға» шақырды, деп хабарлайды Orda.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы сенбі, қазанның 26-сы күні Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі Амир Саид Иравани таратқан мәлімдемеде айтылған.

Иран «халықаралық құқық пен БҰҰ жарғысын мұндай өрескел бұзушылық жауапсыз қалмайтынын халықаралық қоғамдастыққа жеткізуді» сұрайды.

«Одан әрі Иран Ислам Республикасы Қауіпсіздік кеңесі төрағасынан  өрескел бұзушылық пен заңсыз әрекеттерді жою және осы қылмыстық режимнің жауапқа тартылуын қамтамасыз ету үшін шұғыл отырыс шақыруды сұрайды» делінген мәлімдемеде.

26 қазанда Израиль қорғаныс күштері «көптеген үздіксіз шабуылдарға» жауап ретінде Иран ішіндегі әскери нысандарға соққы беретінін жариялады.

Иран әуе қорғаныс күштері мәлімдемесіне сәйкес, Илам, Тегеран және Хузестан провинцияларындағы әскери нысандарға шабуыл жасалды, бірақ шығын шектеулі.

1 қазанда Иран Израильге жаппай зымырандық шабуыл жасады. Ислам революциясы Сақшылар корпусы бұл шабуылдың ХАМАС саяси бюросының басшысы Исмаил Хания мен «Хезболла» бас хатшысы Хасан Насралланың қазасына жауап ретінде жасалғанын айтты.

ЦАХАЛ мәліметтері бойынша Израильге қарай 180-ге жуық зымыран атылды, олардың көбін қарсы тарап атып түсірді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-20
Утром16.29 ℃
Днем31.05 ℃
Вечером32.17 ℃
Ночью28.85 ℃
Влажность19 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра4.22 м/с
2025-07-21
Утром23.66 ℃
Днем36.59 ℃
Вечером31.1 ℃
Ночью27.21 ℃
Влажность17 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра6.94 м/с