Оралда 16 жастағы оқушы пышақ жарақатын алды

Орал қаласында жалпы білім беретін орта мектептердің бірінде екі жоғары сынып оқушысы арасында оқыс оқиға болды.

фото: iStock/Motortion

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, үйге қайтып келе жатқан кезде ойын барысында оқушының бірі екіншісін аяғынан жарақаттаған.

«Аталған дерек бойынша балалардың ата-аналары бір-біріне шағым түсірмеген. Алайда полиция оқушының бірінің ата-анасын бала тәрбиелеудегі міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Жасөспірімдер алдын ала есепке қойылды. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізілді. Ювеналды полиция қызметкерлері алдағы уақытта мұндай оқиғаларды болдырмауға бағытталған алдын алу іс-шараларын жалғастыруда», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, 23 қазан күні сағат 17.27-де пышақ жарақаты бойынша жедел жәрдем қызметіне шақырту түскен. Жедел жәрдем бригадасы 2008 жылғы жасөспірімді облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жарақат пунктіне жеткізді. Жарақат өңделгеннен кейін сол жер жансыздандырылып, тігілген. Амбулаторлық ем тағайындалды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-20
Утром16.29 ℃
Днем31.05 ℃
Вечером33.68 ℃
Ночью28.09 ℃
Влажность19 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра4.22 м/с
2025-07-21
Утром23.66 ℃
Днем36.59 ℃
Вечером31.1 ℃
Ночью27.21 ℃
Влажность17 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра6.94 м/с