2025 жылы онлайн несие берудің талаптары күшейеді

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап биометриялық сәйкестендіруді, сол сияқты электрондық цифрлық қолтаңба ЭЦҚ-ны да міндетті бір мезгілде қолдану енгізіледі.

Фото: Halyq Uni

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың депутаттарға берген жауабында толығырақ жазылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДЕПУТАТТАР САУАЛЫ

Бұған дейін депутаттар Тимур Сүлейменовке алаяқтардан қорғау үшін қарыз алушыларға қорғау тетіктерін күшейтуді сұрап, Ұлттық банк төрағасына депутаттық сауал жолдаған. Сүлейменов нақты тетіктер қалай жұмыс істейтінін атап көрсеткен.

СҮЛЕЙМЕНОВ НЕ ДЕЙДІ

Тимур Сүлейменовтың айтуынша, онлайн микроқарыздарды ресімдеу кезінде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап биометриялық сәйкестендіруді, сол сияқты электрондық цифрлық қолтаңба ЭЦҚ-ны да міндетті бір мезгілде қолдану енгізіледі. Сондай-ақ МҚҰ үшін клиент ақша аударғанға дейін оған банк шотының немесе төлем картасының тиесілігін сәйкестендіру талап етіледі.

АГЕНТТІКТІҢ БАСТАМАСЫ

Ал Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өз тарапынан қорғаныстың мынадай әдістерін ұсынып отыр:

  • ЭЦҚ;
  • биометриялық сәйкестендіру;
  • хабар арқылы мобильдік құрылғының нөмірін тексеру;
  • парольмен қорғау әдістерін қолдану.

Бұл ретте банктер мен МҚҰ-ға тексерудің кемінде екі әдісін, биометрияны және ЭЦҚ-ны пайдалану қажеттілігі туралы талаптар белгіленген. Бұдан басқа, банктер төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру барысында клиенттің мобильді нөміріне тексеру кодын жібереді.

Сонымен қоса, Агенттік банктерге онлайн кредиттер ресімдеген кезде өтінім берілгеннен кейін келесі күннен кешіктірмей оны мақұлдауға кеңес береді. Осылайша клиент өзіне алаяқтар мәжбүрлеп берген кредиттен бас тарта алатын «шешімді өзгерту» кезеңі енгізіледі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-16
Утром12.46 ℃
Днем16.97 ℃
Вечером16.03 ℃
Ночью14.39 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра3.91 м/с
2026-10-17
Утром10.81 ℃
Днем17 ℃
Вечером15.13 ℃
Ночью12.69 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра3.59 м/с