Қазақстанның үш өңірі сұйытылған газдың қосымша көлемін алады
Сұйытылған газдың қосымша көлемі Қазақстан өңірлеріне жіберілді, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Жаңа партиялар Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарына жіберілді:
– Ақтөбе облысына Шымкент МӨЗ ресурстарынан 900 тонна жеткізіледі;
— Батыс Қазақстан облысына «Теңізшевройл»ресурстарынан 180 тонна жеткізіледі;
— Маңғыстау облысына ҚазГӨЗ-ден тәулік сайын жөнелту 100-150 тоннаға ұлғайтылды.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ОҚЫҢЫЗ: Энергетика министрлігі Қазақстанның батысында автомобиль газының жаңа тапшылығы фактісін растады-ҚазТАГ