Сарышаған полигонының әуе кеңістігінде Ресей әскери ұшақтары ұшуы мүмкін бе?

Сарышаған полигоны үстіндегі әуе кеңістігінің мәртебесі бұдан былай «тыйым салынған аймақ» емес, «ұшуларды шектеу аймағы» болып ауыстырылмақ.

фото: arbuztoday.ru

Қазақстан мен Ресей Сарышаған сынақ полигоны әуе кеңістігінің мәртебесін өзгертуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. КазТАГ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 25-ші отырысының хаттамасына енгізілген. 

«Тараптар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету шарттары туралы қолданыстағы келісімге, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын (Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектілері мен ұрыс алаңдары) пайдалану тәртібі туралы келісімге және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 қаңтардағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 4-мемлекеттік орталық полигонын (Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектілер мен ұрыс алаңдары) пайдалану тәртібіне «Сарышаған полигоны үстіндегі әуе кеңістігінің мәртебесін «тыйым салынған аймақтан» «ұшуларды шектеу аймағына» ауыстыру туралы» өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін зерделеулері керек”, – делінген Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 25-ші отырысының хаттамасында.

Gov.kz

Бұл өзгертулер арқылы Сарышаған полигоны үстіндегі әуе кеңістігінің мәртебесі бұдан былай «тыйым салынған аймақ» емес, «ұшуларды шектеу аймағы» болып ауыстырылмақ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БҚО-да Ресейдің әскери техникасы газ құбырын қағып кетті

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-17
Утром-9.94 ℃
Днем-5.48 ℃
Вечером-4.15 ℃
Ночью-3.38 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра5.33 м/с
2025-01-18
Утром-3.63 ℃
Днем-3.69 ℃
Вечером-3.32 ℃
Ночью-3.27 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра4.66 м/с