Бензин қымбаттай ма әрі ол азық-түлік бағасына қалай әсер етеді – Жұманғариннің жауабы

Энергетика министрлігінің түсіндіруінше, елде халық тұтынатын АИ-92 бензині мен дизель отынына сұраныс көбейген.

Ulysmedia коллажы

Бензин бағасы қымбаттай ма? Қымбаттаса, тауарлардың бағасына әсерін тоқтату жөнінде жоспарлар бар ма? Бұл сұрақ Мәжіліс кулуарында бүгін премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“ТАЛҚЫЛАЙМЫЗ”

– Сенбі күні инфлцияға байланысты үлкен жиналыс өткіземіз. Азық-түлік тауарлары бағасының төмендеуі жағынан Қазақстан қазір екінші орында. Армения мен Қазақстанда бұл мөлшер 2,9 пайыз. Ал басқа тауарлар мен қызметтер бағасы өсті. Сол себепті сенбі күні үкіметте талқы өткізіп, қандай факторлар инфляцияға әсер ететінін қараймыз. Біздің алдымызда тұрған тапсырма – инфляция 8 пайыздан аспауы керек. 

Мен бензин бағасы өседі деп ақпарат берген жоқпын. Өз тәжірибемнен айтайын, бензин бағасы азық-түлікке көп әсер етпейді. Себебі азық-түлік бағасына тасымалдау кезінде әсер ететіні – дизель отыны. Дизель отынының бағасы өссе, өз әсерін береді. Дизель отынының әсері де 5-7 пайызға дизель отыны көп әсер еткен жоқ, – дейді вице-премьер кулуарда.

ШЕКТЕУ

Бұған дейін Қазақстан кейбір мұнай өнімдерін Еуразиялық экономикалық одақ аумағынан тыс жерге тасымалдауды шектегелі отырғаны хабарланған еді. Мұнай өнімдері экспортына тыйым салу мерзімін тағы екі жыл ұзартуға қатысты құжат 23 қазан күні «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Соған сәйкес Энергетика министрінің 2023 жылғы 24 наурыздағы № 118 бұйрығына өзгеріс енгізіледі.

Энергетика министрлігінің түсіндіруінше, елде халық тұтынатын АИ-92 бензині мен дизель отынына сұраныс көбейген. Ал жанар-жағармай «сұр» экспортының бір айдағы көлемі 10 мың тоннаға жуықтайды. Ведомство дерегінше, Қазақстанмен шекаралас мемлекеттерде бензин бағасы әлдеқайда арзан (17-ден 107%-ға дейін). Осының салдарынан бензин мен дизель отынын жасырын жолмен тасымалдау көбейген.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-07
Утром-1.17 ℃
Днем-4.67 ℃
Вечером-8.73 ℃
Ночью-12.55 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра5.17 м/с
2026-03-08
Утром-6.95 ℃
Днем-2.35 ℃
Вечером-7.65 ℃
Ночью-4.29 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра6.71 м/с