Қазақстан Ресеймен +7 телефон кодын бірлесіп пайдалану туралы келісімді мақұлдады

 Қазақстан Ресеймен +7 телефон кодын бірлесіп пайдалану туралы келісімді мақұлдады, деп хабарлады агенттік тілшісі.

Фото: Ашық дереккөзден

«Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағының нөмірлеуін бірлесіп пайдалану туралы келісімнің жобасы мақұлдансын», — делінген Қазақстан минкабинеті қаулысында.

Құжатқа сәйкес, Ресей Федерациясының айрықша пайдалануындағы кодтар диапазоны: 200 – 299, 300 – 399, 400 – 499, 500 – 599, 810 — 818, 820 — 821, 831, 833 — 836, 840- 848, 850 — 851, 855 — 857, 860 — 863, 865 — 867, 869 и 871 — 873, 877- 880, 900 – 999.

Қазақстан Республикасының айрықша пайдалануындағы кодтар диапазоны: 000 – 099, 600 – 699 және 700 – 799.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының бірлесіп пайдалануындағы кодтар диапазоны: 100 – 199, 800 – 809 и 881 – 899.

«Нөмірлеу кодтарының диапазондарын бірлесіп пайдалану кезінде Тараптар: 1) нөмірлеу кодтарының бірлесіп пайдаланылатын диапазонында кодтарды өз мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес өздері белгілейді; 2) нөмірлеу кодтарының көрсетілген диапазонындағы нөмірлеуді өз мемлекеттерінің телефон желілерінде ғана пайдаланады. Үлестірілмеген кодтар ресурсы (26 код — 819, 822 — 829, 830, 832, 837 — 839, 849, 852 — 854, 858 — 859, 864, 868, 870, 864) ортақ резервке бекітіледі. Үлестірілмеген кодтар ресурсын резервтен шығару және одан кейінгі үлестіру Тараптардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағының нөмірлеуін бірлесіп пайдалану туралы келісімге жеке хаттамалармен ресімделеді, олар осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылады», — делінген құжаттың ескертуінде.

ҚазТАГ

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-07
Утром-2.09 ℃
Днем1.05 ℃
Вечером-0.94 ℃
Ночью-0.89 ℃
Влажность76 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра3.04 м/с
2025-12-08
Утром0.44 ℃
Днем2.34 ℃
Вечером0.99 ℃
Ночью-2.85 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра4.91 м/с