Қазақстан Россельхознадзордың айыптауларын негізсіз деп санайды
Мәселе ЕЭК деңгейінде шешілу қажет – комитет.
Ауылшаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Россельхознадзордың айыптауларын негізсіз деп санайды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Бірнеше күн бұрын Ресейдің федералды ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау қызметі Қазақстанның АӨК мемлекеттік инспекция комитеті фитосанитариялық сертификаттарды экспортқа рәсімдеу кезінде сыртқы экономикалық қызметпен айналыспайтын 100-ден аса фирманың деректемелерін заңсыз пайдаланды деп айыптаған болатын.
Комитет бірнеше жыл бойы бұндай көлеңкелі тәртіпті жеткізу орны бойынша фитосанитариялық тексеруден қасақана жалтару мақсатында ЕАЭО аумағы бойынша өсімдік шаруашылығы өнімін бақылаусыз өткізу үшін қолданып келген, – делінген Россельхознадзор мәлімдемесінде.
Осыған байланысты Мемлекеттік инспекция комитеті айыптауды негізсіз деп, жағдайға қатысты түсінік берді.
Фитосанитарлық сертификаттарды беру – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы №15-08/590 «ҚР аумағын карантин нысандарынан және жат түрлерден қорғау ережелерін бекіту туралы» бұйрығымен қатаң реттелген мемлекеттік қызмет. Сонымен қатар, фитосанитарлық сертификаттарды алу кезінде карантинге жататын өнімдерді «жалған» компанияларға рәсімдейтін алаяқ қазақстандық компаниялар мәселесі бар. «Жалған» компаниялардың болуы тек Ресей үшін ғана емес, Қазақстан үшін де өзекті, өйткені біздің елімізге ЕАЭО мүше мемлекеттерінен импорттаушылардың мекен-жайына өнімдер әкелінеді, олар өздеріне импорт жүргізіліп жатқанын білмейді. Алайда, бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында шешу мүмкін емес екенін ескеру қажет, – делінген хабарламада.
Ведомство өкілдері бұл мәселені ЕЭК деңгейінде шешу қажет екенін атап өтті.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Ресей тағы бір сылтау тапты. Енді «Қазақстан алаяқтық жасады» деп байбалам салып жатыр
Ресейдің тосқауылы: 2 мың тоннадан аса астық Еуропаға жеткен жоқ. Неге?