Қазақстанда 1 қарашадан бастап не өзгереді

Осы айдан бастап бірқатар өңірде электр энергиясының тарифтері көтеріледі. Ал сұйытылған газды сыртқа сатуға қатысты шектеудің мерзімі тағы ұзартылады.

Темірлан Иманғалиевтің суреті

Көлік жүргізушілері осы айда шиналарын ауыстырып үлгеруі керек. Әйтпесе, айыппұл төлеуге тура келеді. Sputnik Қазақстан 1 қарашадан бастап елде болатын маңызды өзгерістерді ұсынады.

Шинаны ауыстырып үлгеріңіз!

30 қараша – автокөліктің дөңгелегін ауыстыратын соңғы күн. Көлік жүргізушілері 1 желтоқсанға дейін қысқы маусымға дайындықты аяқтауы қажет. Заң бойынша шинаны ауыстырмағандарға айыппұл салынады.

Айыппұлдың мөлшері

5 АЕК (18 460 теңге)

бір жыл ішінде қайтанған жағдайда 10 АЕК (36 920 теңге);

Оқушылар каникулдан шығады

4 қарашада мектеп оқушылары күзгі демалыстан шығады. Олар үшін оқу жылының II тоқсанын басталады. Бірақ алда әлі қысқы және көктемгі каникулдар бар.

ІІ тоқсандағы қысқы демалыс – 10 күн (2024 жылғы 30 желтоқсаннан 2025 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда)

ІІІ тоқсандағы көктемгі демалыс – 11 күн (2025 жылғы 21 наурыздан 31 наурызды қоса алғанда)

Ал бірінші сыныптарда қосымша демалыстар болады – 7 күн (2025 жылғы 3 ақпаннан 9 ақпанды қоса алғанда)

Салық төлеу жеңілдей түседі

11 қарашада Қазақстанда салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуді жеңілдететін инновация – шоғырландырылған төлем тапсырмасы күшіне енеді.

Бұл маңызды өзгеріс жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер үшін салық рәсімдерін оңтайландыруға, сондай-ақ мемлекетпен есеп айырысудағы ашықтық пен ыңғайлылықты арттыруға бағытталған.

Шоғырландырылған төлем тапсырмасы – салықтың бірнеше түрін бір төлем тапсырмасымен аударуға мүмкіндік беретін бірыңғай құжат. Бұрын әрбір төлемге бөлек тапсырма жасау керек болған.

Газды сыртқа сатуға шектеу ұзартылады

Бұған дейін энергетика министрлігінің 2024 жылғы 2 мамырдағы бұйрығымен газды экспорттауға тыйым салынған болатын. Шектеудің мерзімі 2024 жылдың қарашасына дейін болған. Ішкі нарықты сұйытылған газбен қамтамасыз ету үшін экспортқа тыйым салуды тағы 6 айға ұзартуға шешім қабылданды.

Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салу 14 қарашасынан бастап күшіне енеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-06
Утром-4.01 ℃
Днем-3.71 ℃
Вечером-5.42 ℃
Ночью-6.67 ℃
Влажность66 %
ДавлениеhPa 1041
Скорость ветра4.82 м/с
2024-12-07
Утром-8.31 ℃
Днем-4.33 ℃
Вечером-5.89 ℃
Ночью-6.84 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1047
Скорость ветра3.22 м/с