Оралда жол апатынан 63 жастағы әйел көз жұмды
1 қараша күні түске таман Н.Назарбаев пен Абай даңғылдарының қиылысында екі автокөлік соқтығысып, бес адам зардап шеккен болатын.
1 қарашада Оралдағы Назарбаев пен Абай даңғылының қиылысында Renault Duster мен Қытайда шығарылған Lixiang көлігі соқтығысқан кезде Renault көлігінің жолаушылар орнында отырған әйел есікке қысылып қалған. Әйелдің жасы – 63-те екені айтылды.
Жол апатынан зардап шеккен бес адамның біреуі жансақтау бөліміне жатқызылған еді.
БҚО денсаулық сақтау басқармасын түскен мәліметке қарағанда, 1961 жылғы әйел ауруханаға өте ауыр халде түскен. Оның кеуде және іш тұсына оталар жасалған. Бірақ ауыр жарақат оның өліміне соқтырды. Патологоанатомиялық зерттеу жасалатын болады.
«Ал 1958 жылғы ер адам хирургия бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр, тұрақты. Қажетті емін алуда», деп хабарлады ведомстводан.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі аталмыш оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.