Қазгидромет қараша айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер 2024 жылдың қараша айындағы ауа райы болжамын жариялады.

«ОА» мұрағатынан

Қазгидромет таратқан хабарламаға қарағанда, қарашада жылы және аязды күндер жиі алмасып тұрады, сонымен қатар жауын-шашынды болады: оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Ай бойы желдің күшеюі, боран, көктайғақ пен тұман болады деп болжанып отыр.

«Қарашаның бірінші онкүндігінің басында ауа температурасы көтеріледі: республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде -5+5°С-тан +2+8°С-қа дейін, күндіз +2+7°С-тан +7+12°С-қа дейін, кейінірек температура біртіндеп түнде -2-8°С-қа, күндіз 0, -5°С-қа дейін төмендейді.Оңтүстікте 4-10 қараша аралығында жаңбыр жауады, кейбір күндері қатты жауын-шашын болуы мүмкін, ал таулы аймақтарда жаңбыр қарға айналуы мүмкін. Батыс аймақтарда түнде ауа температурасы +4+10°С-тан -2-7°С-қа, күндіз +7+15°С-тан -2+5°С-қа дейін төмендейді деп болжанып отыр», — деп жазылған хабарламада.

Ал қарашаның екінші жартысында ауа райы күрт суытып, аяз түседі.

«Суық ауа массалары келгенде термометр бағаны ең салқын күндері төмендейді. Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде -15-24°С-қа дейін, күндіз -7-12°С-қа дейін төмендейді. Батыс және оңтүстік өңірлерде түнде -3-15°С, күндіз 0, -7°С-қа дейін төмендейді. Қараша айында жауын-шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде қалыпты деңгейде болады деп болжанып отыр», — дейді Қазгидромет.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-14
Утром12.15 ℃
Днем23.25 ℃
Вечером21.37 ℃
Ночью15.18 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.06 м/с
2026-10-15
Утром14.28 ℃
Днем21.04 ℃
Вечером13.5 ℃
Ночью13.69 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.28 м/с