“Бұл — биліктің міндеті“. Қазақстандық журналист көптің көкейіндегі ұсынысты айтты

Қазақстанда соңғы үш жылда аутизм диагнозымен ауыратын балалардың саны жыл санап артып келеді. Нақтырақ айтсақ, 2021 жылы — 1204, 2022 жылы — 1626, 2023 жылы — 2 260 бала аутизмге шалдыққан. 

Фото: depositphotos.com

Журналист Гүлбану Әниятқызы әлеуметтік желідегі парақшасында елімізде аутизмге шалдыққан балалардың көбейіп бара жатқанын жазып, мемлекет аналарға бағыт-бағдар беретін орталық ашу керегін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маман қазір аутизммен ауыратын баласы бар аналар Ташкентке барып емделетінін айтты.

Қазір аутизммен ауыратын балалар көбейіп барады. Көп аналар науқас баласын Ташкенттегі клиникаларға емдетуге апарып жүр. Бізде ерекше балаға диагноз қойылған күннен жалғыз қаласың. Балаңды үйде қамап ұстайсың ба, ақылы орталыққа апарасың ба, Ташкенге сүйрейсің бе, өзің білесің. Ерекше аналардың көбі ғажайыпты іздейді. Соңғы тиынын берсе де, жарнамасы жер жарған маманға апаруға тырысады. «Ойбай, Ташкенде арзан екен, бір ай укол алып, баласы сөйлеп кетіпті» дегенді естіп алады да, сол жаққа тартады. Баласынан ештеңені аямайтынын білген кей қулардың мұны бизнеске айналдырып алғаны бөлек әңгіме», — дейді ол.

Гүлбану Әниятқызы елімізде аутизмге шалдыққан баласы бар ата-аналарға бағыт-бағдар беретін орталықтар жоқ екенін айтты.

«Баласын сүйреп жүрген аналарды мүлдем сөкпеймін. Себебі олар не істерін білмейді. Сондықтан мұндай отбасылар шарлатанға ақшасын беріп, уақытын жоғалтпас үшін мемлекет бағыт-бағдар беретін орталық ашу керек. Әр балаға диагнозына қарай жеке бағдарлама жасалуы тиіс. Сен мына маманға, мына орталыққа апар деп жол көрсетсін. Реабилитация, коррекциялық орталықтарға айлап, жылдап кезек күтпеуі тиіс. Ерекше баланың анасын торығу жайлайды. Онсыз да итшілеген өмірден шаршап жүрген жан түнімен ұйықтамайтын, айтқаныңды ұқпайтын баламен алысып, жынды болады. Мемлекет осындай отбасыларды алға жетелеп, үміттендіруді тездетіп қолға алуы тиіс. Бұл — биліктің міндеті деп ойлаймын», — деп жазды журналист.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-13
Утром18.14 ℃
Днем24.7 ℃
Вечером23.68 ℃
Ночью17.53 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра4.89 м/с
2026-06-14
Утром17.4 ℃
Днем25.36 ℃
Вечером26.47 ℃
Ночью19.73 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1002
Скорость ветра5.58 м/с