Оралда азық-түлік дүкені өртенді
Құтқарушылар 20 адам, оның ішінде 4 баланы эвакуациялады.

БҚО Қазақстан ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде 20 адамды эвакуациялады,- деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз орталығы.
Бүгін таңертең Орал қаласында Әбілқайыр хан көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында азық-түлік дүкенінде өрт орын алды.
ТЖМ күшімен түтін аймағынан 20 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. 30 тұрғын өздігінен далаға шықты.
Өрт 20 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.
