БҚО тұрғындарын өкпенің қатерлі ісігіне тегін тексеруге шақырады
Онкодиспансерде ашық есік күні өтеді.
Өкпенің қатерлі ісігі туралы хабардар болу айлығы аясында ағымдағы жылдың 23-қараша күні Облыстық онкологиялық диспансерде және барлық деңгейдегі емханаларда (Орал қаласы және аудандық ауруханалар жанындағы емханаларда) ашық есік күні өтеді. МӘМС жүйесінде сақтандырылу статусына қарамастан тексеруден өткісі келетін тұрғындар үшін ақпарат:
Қабылдау уақыты: сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін. Өзіңізбен жеке куәлігіңіз болуы тиіс. Мекен-жайы: Орал қаласы, Алматы көшесі, 58. Чувашинская аялдамасы №33, №43, №52 автобус маршруты. ШЖҚ «Облыстық онкологиялық диспансер» МКК. Байланыс телефондары: +7-7112-91 80 52.
Өкпенің қатерлі ісігі-ең жиі кездесетін қатерлі ісіктердің бірі. Ол бронхтардан, бронхиолалардан және өкпе альвеолаларынан дамиды. Еркектерде ол басқа ісіктер арасында бірінші орында.
Бастапқы профилактиканың негізі сыртқы жағымсыз факторларды жоюға бағытталған іс-шаралар болып табылады. Ластанған ауамен күресуге, зиянды өндіріс кәсіпорындарындағы еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған арнайы мемлекеттік бағдарламалар бар.
Маңызды алдын алу шарасы – салауатты өмір салтын насихаттау, атап айтқанда темекі шегуге қарсы күрес, дұрыс тамақтану және физикалық белсенділік.
Қайталама профилактикалық іс – шаралар-клиникалық, жыл сайын профилактикалық медициналық тексеруден немесе диспансерлеуден өтуге бағытталған.