Орал қалалық сотының төрағасы пара алу үстінде ұсталды

Ол 1.5 млн теңге көлеміндегі параға сотталушының жазасын жеңілдетпек болған.

Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алып жатқан жерінен ұсталды. Төрағамен қоса екі адвокат та ұсталды.

Оған 1,5 миллион теңге пара айыпталушы азаматты ақтап алу үшін берілмек болған. Жедел-тергеу амалдарын ҰҚК орталық аппаратының және БҚО бойынша департаментінің қызметкерлері жүргізген. Қылмыстық кодекстің «Пара алу»бабы 1-1 366 — бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Руслан Нартайұлы Жұмағұлов 1980 жылы 16 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Қазақ гуманитарлық заң академиясын үздік бітірген. Еңбек жолын 2001 жылы БҚО Орал қалалық прокурорының көмекшісі болып қызметінен бастаған. 2002 жылы Орал қаласының прокурорының аға көмекшісі болды. 2003 жылы БҚО облыстық прокуратурасына ауыстырылды. 2003 жылдан 2007 жылға дейін БҚО прокуратурасында басқарма прокуроры, басқарма аға прокуроры, облыс прокуратурасының бөлім басшысы қызметін атқарған. 2007 жылдан 2011 жылға дейін Теректі аудандық прокурорының орынбасары, кейін Зеленов аудандық прокурорының орынбасары қызметінде болған. 2011 жылдан 2015 жылға дейін Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасында қорғаушы болып еңбек еткен.

2015 жылы президентінің жарлығымен Орал қалалық сотының судьясы болды. 2019 жылы Орал қалалық сотының төрағасы болып тағайындалған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-15
Утром-12.59 ℃
Днем-13.17 ℃
Вечером-14.85 ℃
Ночью-17.01 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра7.92 м/с
2026-01-16
Утром-15.45 ℃
Днем-12.67 ℃
Вечером-13.14 ℃
Ночью-14.44 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.75 м/с