Құрметті дәрігер, бұдан былай қате диагноз – қалтаңызға салмақ болуы мүмкін
Науқас, не туысы, не заңды өкілі комиссия қорытындысымен келіспесе, министрлікке, медициналық бақылау комитетіне немесе сотқа шағымдана алады.
Қазақстанда «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның нормалары күшіне енді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ақпаратына қарағанда, енді медициналық ұйымдар қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруға және 14 сақтандыру ұйымын қамтитын Бірыңғай сақтандыру пулымен шарт жасасуға міндетті.
Дәрігердің байқаусызда кәсіптік қателігінен зардап шеккен науқасқа сақтандыру төлемдері беріледі. Науқастың өмірі мен денсаулығына зиянның болуы (болмауы) туралы шешімді тәуелсіз комиссия қабылдайды, – деп түсіндірді қаржы нарығын дамыту агенттігі.
Науқас, не туысы, не заңды өкілі комиссия қорытындысымен келіспесе, министрлікке, медициналық бақылау комитетіне немесе сотқа шағымдана алады.
Заңмен сақтандыру төлемдерінің ең аз сомалары белгіленген, олар пациентке үшінші, екінші және бірінші топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда – 500, 600, 800 АЕК болады. Өлімге әкелсе, 3 000 АЕК сақтандыру төлемдері төленетін болады, – делінген хабарламада.