Қазақстанда балаларға арналған екпеден бас тарту қиындай түспек

Келісім беру немесе бас тарту туралы барлық деректер медициналық ақпараттық жүйелерге енгізіледі.

Ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу жобасына сәйкес Қазақстанда вакцинацияға электронды форматта келісім енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Енді вакцинация электронды түрде ақпараттандырылған келісім алғаннан кейін ғана жүргізіледі. Техникалық ақаулар болған жағдайда растау сканерленген көшірме түрінде қабылданады. Мұндай келісімді науқастардың өздері немесе олардың заңды өкілдері береді.

Егер адам немесе оның заңды өкілі екпеден бас тартса, бұл да электронды форматта жазылады. Келісім беру немесе бас тарту туралы барлық деректер медициналық ақпараттық жүйелерге енгізіледі.

Сондай-ақ аталмыш өзгерістер медицина қызметкерлерінің міндеттеріне де қатысты. Екпе алған адам қоңырау шалған жағдайда, медицина қызметкері дереу қажетті медициналық көмек көрсетіп, қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызуды ұйымдастыруы керек.

Вакцинациядан кейін науқаста екпенің жанама әсері пайда болса медицина қызметкері санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің аумақтық бөлімшесіне және мемлекеттік сараптама ұйымына жедел электрондық хабарлама жіберуге міндетті.

Техникалық ақаулар туындаған жағдайда хабарламаның сканерленген нұсқасы да жарамды болып есептеледі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-08
Утром-12.54 ℃
Днем-5.7 ℃
Вечером-7.32 ℃
Ночью-10.3 ℃
Влажность62 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра3.73 м/с
2024-12-09
Утром-10.51 ℃
Днем-5.36 ℃
Вечером-6.47 ℃
Ночью-7.01 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1044
Скорость ветра3.58 м/с