БҚО Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиев бостандыққа шықты

Сотта Жеңіс Серікқалиев өзінің нақсүйерін өлтіруге тапсырыс берді деп айыпталған еді.

Фото: istockphoto.com

Ол 2016 жылы аса ауыр қылмыс жасады деген айыппен 11 жылға сотталған болатын. Теректінің экс-әкімі Жеңіс Серікқалев бостандыққа мерзімінен бұрын шықты.

Ол Орал қалалық сотына денсаулығына байланысты жазаны шартты түрде өтеу туралы өтініш білдірген. Өтінішті қараған судья М.Шукиров өтінішті қанағаттандырды.

«Жеңіс Серікқалиев 2016 жылдың 1 қыркүйегінде аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 11 жылға сотталған. Оның жазасы 2027 жылдың наурыз айының 14-і күні аяқталады.  Мекеме әкімшілігі берген мінездемеге сай, сотталушы Ж.Серікқалиев жаза өтеу барысында тәртіп ережелерін сақтаған, мекемеде жұмысшы ретінде еңбек еткен, қосымша кәсіптік білім алған, оқу жүйесінің сабақтарына, тәрбиелік, мәдени-спорттық іс- шараларға, сотталғандардың ерікті ұйымдарына белсене қатысқан, 15 рет мадақтау алған, жазалау шарасы болмаған, яғни сотталған жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзбаған. Бұдан басқа, 2024 жылғы 04 наурыздағы медициналық анықтамаға сәйкес, сотталған Ж.Серікқалиевтің денсаулық жағдайы қанағаттанарлық емес. Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2016 жылғы 1 қыркүйектегі үкімімен 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған Женис Серікқалиев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылсын», — делінген Орал қалалық соты шығарған қаулыда. 

Сот қаулысында  Жеңіс Серікқалиевтың төрт баласы бар екені жазылған. Теректі ауданың бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалев негізі 2027 жылы шығу керек болатын. Бірақ Орал қалалық сотының шешімімен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылып отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, Жеңіс Серікқалиев  Теректі ауданын 2013-2016 жылдары басқарды. Ол 2016 жылдың мамыр айында әйел адамды өлтірмекші болды  деген күдікпен қамауға алынған болатын. 

Жеңіс Серікқалиевпен бірге Теректі ауданының тұрғын үй шарушылығы бөлімін басқарған Арман Қожамұратов және Жеңістің көлік жүргізушісі Бейімбет Исмағамбетов  бірге қамалған болатын. 

Ақпан айында белгісіз біреу Кристина есімді әйелге пышақ жарақатын салады. Әйел кейін есін жиып өзіне пышақ салғанды танып, полицияға айтып берген. 

Сол 2016 жылы Жеңіс Серікқалиев пен Арман Қожамұратов ұйымдасқан қылмыс жасады деген айыппен 11 жылға, ал көлік жүргізушісі Бейімбет Исмағамбетов 10 жылға соталды. Сотта Жеңіс Серікқалиев өзінің нақсүйерін өлтіруге тапсырыс берді деп айыпталған еді. 

Айта кетейік, Жеңіс Серікқалиевты мерзімінен бұрын босату туралы қаулыны Орал қалалық соты 11 сәуір күні шығарған.

Дереккөзі: «Айқын»

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-09
Утром15.8 ℃
Днем24.59 ℃
Вечером22.26 ℃
Ночью18.54 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра6.64 м/с
2026-06-10
Утром17.71 ℃
Днем24.5 ℃
Вечером25.09 ℃
Ночью19.19 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра4.25 м/с