Енді мектепте алғашқы әскери дайындықты тек әскери қызметте болғандар оқытады

Мәжіліс заң жобасын мақұлдады.

Фото: Halyq Uni

Бұдан былай білім беру ұйымдарында алғашқы әскери дайындықтан тек әскери қызмет өткерген адамдар ғана сабақ береді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Мәжіліс әскери-патриоттық тәрбие туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатқа сәйкес, әскери кафедраларға штаттан тыс әскери лауазым енгізіледі. Осылайша білім беру ұйымдарына берілген қару-жарақ пен әскери техниканы сақтау мен пайдалануды бір мезгілде бақылайтын әскери оқытушылардың мәртебесі айқындалады. Ал алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдеріне әскери борышын өтеу талабы енгізілді, бұл мектептер мен колледждерде осы пәнді оқытудың сапасын арттыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ, түзетулер әскерді жүргізушілермен қамтамасыз ету мәселесін шешеді. 18 жасқа толған әскери қызметшілерге 21 жасқа толғанға дейін «D», «СЕ» санатындағы көліктерді жүргізуді үйрету жоспарланып отыр. Олар тек Қарулы күштерге тиесілі көліктерді жүргізе алады. Қарулы күштер қатарындағы ауыр жүк көліктерін жүргізушілердің саны артады, бұл өз кезегінде бөлімшелердің жауынгерлік әзірлік деңгейін жақсартады. Бұған қоса қызмет өткеру кезеңінде «автобус жүргізушісі» мамандығы бойынша білім алған әскери қызметшілер автобусты басқару құқығына қосымша оқусыз ие бола алады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-09
Утром15.8 ℃
Днем25.09 ℃
Вечером22.26 ℃
Ночью18.54 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра6.64 м/с
2026-06-10
Утром17.71 ℃
Днем24.5 ℃
Вечером25.09 ℃
Ночью19.19 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра4.25 м/с