Жайық өзені арқылы өтетін көпір жөндеуге жабылады
Жөндеу жұмыстары түнде жүргізіледі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК » АҚ БҚОФ хабарлағандай, Самара-Шымкент тас жолы бойындағы Жайық өзені арқылы өтетін көпірде деформациялық тігісті қорғаудың жоғарғы қабатының бұзылуы тіркелген.
Осыған байланысты жолшылар мұнда трассаның 254-261 шақырымында жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
Осы себепті көпір 7 қарашада сағат 21.00-ден 8 қарашада 06.00-ге дейін жабылады.
