Қазақстанда алдағы уақытта сегіз медициналық анықтама цифрлық форматқа ауыстырылады

2025 жылы бұл жоба толыққанды жүзеге асады. Ал жалған құжат жасаған мекемелер заң аясында жауап береді.

Фото: Halyq Uni

Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов жалған анықтама сататын мекемелермен күрес жүргізу үшін елде сегіз анықтаманың цифрлық форматқа ауыстырылатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында анықтамаларды цифрлық форматқа ауыстыру үшін келіссөздер жүріп жатқанын айтты. 

“Қазір біз азаматтарға ең қажет деген сегіз анықтаманы белгіледік. Былтыр және биыл бірқатар анықтама цифрландырылды. Алайда мұнда да мәселелер бар. Анықтаманы цифрлық форматқа ауыстырғанымызбен, мұны талап еткен мемлекеттік орган немесе мекеме осы форматта қабылдауға дайын ба? Осыны ескере отырып, серіктестермен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Мәселен, мамандандырылған ХҚКО, мейрамханалар, медициналық ұйымдар, білім беру саласындағы мекемелер бар”, – деді ол. 

Вице-министрдің сөзінше, цифрлық форматқа ауысқан соң медициналық ұйымдар жалған анықтамалар жасай алмайды. 

“Мұны мекеме кез келген уақытта тексере алады. Сондай-ақ азаматтың қатысуынсыз өздері-ақ базадан керекті анықтаманы алады. 2025 жылы бұл жоба толыққанды жүзеге асады. Ал жалған құжат жасаған мекемелер заң аясында жауап береді. Тіпті министрлік олармен келісмшарттарды бұзуы да мүмкін”, – деп қосты ол. 

Министрлік дерегіне сәйкес келесі анықтамаларды 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап электронды форматта алуға болады: 

Келесі медициналық анықтамалар электрондық форматқа көшіріледі:  

  • Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы;
  • 075 / е «Медициналық анықтама»;
  • 026 / е «ДКК қорытындысы»;
  • 073 / е «ТҚ басқаруға рұқсат туралы анықтама»;
  • 069 / е «Санаторийлік-курорттық карта»;
  • 052-2 / е «Баланың денсаулық паспорты»;
  • 076 / е «Қаруға рұқсат алу»;
  • 038 / е «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама».

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-06
Утром-5.3 ℃
Днем-3.71 ℃
Вечером-5.42 ℃
Ночью-6.67 ℃
Влажность66 %
ДавлениеhPa 1041
Скорость ветра4.82 м/с
2024-12-07
Утром-8.31 ℃
Днем-4.33 ℃
Вечером-5.89 ℃
Ночью-6.84 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1047
Скорость ветра3.22 м/с