ІІМ жүргізушілерге шұғыл үндеу жасады

Техникалық регламентке сәйкес қысқы кезеңде қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады!

Ашық дереккөзден

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі жол жүрісіне қатысушыларға үндеу жасады.

«Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолдарда көру мүмкіндігі төмендейді. Тайғақ, мұзды жерлер апатқа әкеп соғуы мүмкін. Сондай-ақ ауа райының бұзылуы көлік құралына да әсерін тигізетінін ескеру қажет.

Көліктің техникалық жағдайын, тежеу жүйесінің жұмысын қараңыз. Терезе тазалағыш щеткалар, сондай-ақ сұйықтықтың деңгейін тексеріңіз! Қысқы доңғалақтарды қолданыңыз!

Ол қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және дөңгелектерге жолда сырғанауға қарсы тұруға мүмкіндік береді. Техникалық регламентке сәйкес қысқы кезеңде қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады! Қашықтықты сақтаңыз! Әсіресе қыс мезгілінде алда келе жатқан көлік құралына дейінгі үлкен арақашықтықты ұстаныңыз.

Тайғақ жолда тежеу жолы бірнеше есеге артады, сондықтан тежегішті баяу басқаныңыз дұрыс. Жол жүрісіне қатысушылардың барлығына мұқият болыңыз! Жаяу жүргіншілерге де назар аударыңыз. Есіңізде болсын, кішігірім қателіктің арты ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, жылдамдықты шамадан тыс асырмаңыз! Жылдам жүрістің кесірінен көлік басқару кезінде бақылауды жоғалтуыңыз мүмкін. Жүрер жолыңызды алдын ала жоспарлаңыз! Ауа райы болжамын бақылап, қала маңындағы жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды мұқият қадағалаңыз.

Егер жолдар жабық болса, елді мекендерден тыс жерлерге шығуды шектеңіз. Құрметті жол жүрісіне қатысушылар! Жол ережелерін сақтау – сіздің жауапкершілігіңіз. Өзіңіздің және өзгенің өміріне немқұрайлы қарамаңыз. Жолдағы қауіпсіздік шараларын және жол жүрісі қағидаларын сақтау өзіңізден басталады. Үйде жақындарыңыз күтіп отырғанын ұмытпаңыз!» – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-07
Утром-11.85 ℃
Днем-6.84 ℃
Вечером-5.98 ℃
Ночью-7 ℃
Влажность65 %
ДавлениеhPa 1047
Скорость ветра3.11 м/с
2024-12-08
Утром-8.14 ℃
Днем-4.25 ℃
Вечером-5.79 ℃
Ночью-6.42 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра4.44 м/с