Орал қаласының орталығында заңсыз салынған төрт қабатты ғимарат бұзылады
Біз жаңадан салынған ғимарат туралы айтып отырмыз: Досмұхамедов көшесі, 33. Мемлекеттік құрылыс-сәулет бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеру жүргізгеннен кейін өз бетінше заңсыз құрылыс фактісін анықтады.
Белгілі болғандай, төрт қабатты коммерциялық ғимарат рұқсат құжаттарынсыз салынған.
– Ғимарат заңсыз салынған, құрылыс салушыда жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ), сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ), құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талон жоқ. Тексеру аяқталғаннан кейін иесіне ЖСҚ негізінде тұрғызылған ғимаратты заңсыз (шаруашылық тәсілмен) бөлшектеу үшін жұмыстар жүргізу жобасын әзірлеу және жобаға сәйкес бөлшектеу туралы нұсқама берілді. Сонымен қатар, құрылыс салушы ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы (Жобалаусыз құрылыс (жобалау-сметалық) құжаттамасыз құрылыс), ҚР ӘҚБтК-нің 321-бабы (Техникалық және авторлық қадағалауларсыз құрылысты жүзеге асыру), ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы (Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жіберусіз) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және айыппұлдар түріндегі әкімшілік жазаға кесілді-деді «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ бас маманы Мирхан Бердіғалиев.
Оның айтуынша, құрылыс салушы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәні мойындады, айыппұл төледі, бірақ бүгінгі күні нұсқаманың талаптары орындалмады.
– Кәсіпкерлік кодекстің талаптарына сәйкес Басқарма нұсқаманың орындалуы бойынша тексеру тағайындайтын болады, егер ғимарат әлі де бөлшектелмесе, онда нұсқаманың мәжбүрлеп орындалуы туралы талаппен сотқа талап қойылады,-деп түсіндірді Мирхан Бердіғалиев.
Айтпақшы, ҚР заңнамасына сәйкес өз бетінше құрылыс объектілеріне рұқсат құжаттарын беруге тыйым салынады. Яғни құрылысы тиісті рұқсат беру рәсімдерінен өтпей басталған объектілер бұзылуға жатады.
Досмұхамедов көшесі, 33 бойындағы төрт қабатты ғимарат өткен ғасырдың басында салынған екі қабатты үйдің орнына салынған.
Мария ДРАЧЕВА