Мәскеуге отыздан аса дрон шабуыл жасады
Бас-аяғы 32 ҰҰА байқалғаны белгілі болды.
Бүгін таңертең Мәскеуге 30-дан астам ұшқышсыз ұшу аппараты шабуыл жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘЛІМЕТТЕРІ
Әлеуметтік желілерде ұшып бара жатқан дрондар түсірілген кадрлар пайда бола бастады. Ресей астанасының мэрі Сергей Собяниннің айтуынша, қалада қирау оқиғалары тіркелмеген.
«Алдын ала мәлімет бойынша, қирандылар құлаған жерде бүлінген дүние мен зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.
Бас-аяғы 32 ҰҰА байқалғаны белгілі болды.
Ресей билігі зардап шеккендер мен қираулар туралы хабарлаған жоқ. Сонымен бірге, кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Мәскеу түбіндегі Раменское іргесіндегі Становое ауылындағы жеке тұрғын үйге ұшқышсыз ұшақтың қоқыстарының құлауы салдарынан бір адам зардап шеккен.
ОҚИҒАЛАР ЖЕЛІСІ
6 қараша күні таңертең украин дрондары алғаш рет Дағыстанның аумағына шабуыл жасады. Дегенмен Республика жетекшісі Сергей Меликов ресейлік әуе қорғаныс жүйесі дронды Каспий теңізі үстінде атып түсіргенін мәлімдеді.
Мұның алдында Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Гудермес қаласында орналасқан Ресей арнайы күштері университеті аумағындағы ғимаратқа дрон шабуылдағанын айтты.