Трамптың жеңісі Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?

Әлемдегі геосаяси жағдайлардың ушығуы салдарынан Қазақстан шикізатты әлемдік нарыққа тиісті деңгейде шығара алмай отыр.

Фото: коллаж: depositphoto, gov,kz

Дональд Трамп билікке келгеннен кейін Азия елдері қайтадан 3 жыл бұрынғы дағдарысқа тап болуы мүмкін, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Экономист Мақсат Халықтың пікірінше, Дональд Трамп – протекционистік саясат жүргізетін президент. Бұған дейін 2017-2021 жылдары мемлекет басқарған кезінде алдымен Американың ішкі нарығын қорғауды бірінші кезекке қойды. Сол уақыттан бастап әлемдегі экономиканың дамуы күрт өзгерді.

Бұл ел Мексика мен Қытай және Еуропадан өз нарығын қорғау үшін нақты қадамдар жасады. Сол кездегі Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы саяси принциптен гөрі, экономиканы бірінші орынға шығарды. «Tit for Tat» деп аталатын тариф саясаты салдарынан АҚШ-тың Қытайдан сатып алатын тауар көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы 24 пайызға төмендеді.

«Меніңше, АҚШ-тың жаңа президенті бұл жолы да осы саясатты жалғастырады. Яғни Азия елдері қайтадан дағдарысқа тап болуы мүмкін. Оның ішінде Қытайдың дамуын белгілі бір дәрежеде тежейді. Көрші елдің көштен қалуы Қазақстанға да кері әсер етеді. «Аспан асты елінің» өндірісі төмендейтін болса, әлемде шикізатқа сұраныс көлемі де кемиді. Сөйтіп, көрші елдің бізден мұнай сатып алу мүмкіндігі болмайды. Сәйкесінше, Қазақстанның мұнай экспорты төмендеп, бюджетке түсетін түсімдер азаяды», – дейді сарапшы.

Трамп мұнай бағасын екі есе төмендетеді

Экономист Мақсат Халықтың айтуынша, мұнай бағасының төмендеуінің тағы бір себебі – Дональд Трамптың президент болып сайланғаннан кейін мұнай бағасын екі есе құлдыратамын дегені жай айтылған сөз емес.  Ол жоспарын жүзеге асырса, қара алтын бағасы құлдырайтыны белгілі. Бұл біздің экономикамызға да, теңгемізге де кері әсер етеді.

«Қазақстан бюджеті мұнай бағасына қарап отыр. Ал келер жылы онсыз да қазынада 4 трлн теңге тапшылық бар. Трамптың мұнайға қатысты айтқан жоспары іске асатын болса, біз сияқты мемлекеттер бірінші кезекте зардап шегеді», – дейді ол.

АҚШ-тың саясаты Трамптың қолында емес

АҚШ президенті кім болса да, мемлекеттің стратегиялық саясаты өзгермейді. Саясаткер Дос Көшімнің пікірі осындай. Оның сөзінше, Американың әлемдегі әрбір аймаққа қатысты өз стратегиясы бар.

«АҚШ-тың алдағы 20-30 жылда Қазақстанға қандай саясат ұстанатыны қазірдің өзінде айқындалып қойған. Оны Дональд Трамп та, басқасы да бұза алмайды. Сондықтан Американың қазіргі президенті таққа отыра салысымен елдің сыртқы саясатын өзгертеді деп ойламаңыздар», – дейді саясаткер.  

Мұнай тасымалдайтын жаңа бағыт керек

Дос Көшім қазір қазақтың мұнайы мен газы, тіпті бидайына дейін Ресей арқылы тасымалдануы біз үшін қауіпті екенін айтады. Көрші ел логистикаға шектеу қойса, біздің экономикамыз тұралап, бюджетіміз тиісті түсімдерден қағылады. Сондықтан Қазақстан Еуропаға шикізат экспортын тек Ресей арқылы ғана өткізбеуі тиіс. Бұл біздің экономикамыздың тағдырын Ресейдің қолына ұстатқанмен бірдей. Сондықтан болашақта Транскаспий Халықаралық көлік бағытын дамытуға басымдық берген дұрыс.

«Көрші елдің басына іс түсіп, санкцияның астында қалған кезде, бұл құрдымға олар бізді де ала кетеді. Еуропаға баратын жолды шектеп қойды. Бұл мәселені 30 жыл бұрын шешкенде, қазір тығырыққа тірелмейтін едік», – дейді саясаткер.

Оның айтуынша, логистика мәселесін Қытай және басқа да бағыттар арқылы шешу соңғы 2-3 жылда ғана қолға алынған жұмыс. Сондықтан оның нәтижесін жоғары бағалауға әлі ерте. Тығырықтан шығудың бірден-бір жолы – логистика саласында көпвекторлы саясат ұстану. Айта кетейік, Қазақстан мұнайын әлемдік нарыққа шығарудың балама жолдары туралы Энергетика министрінен Massaget.kz тілшісі сұраған болатын.

Фото: Jabin Botsford / Reuters

Әлемдегі геосаяси жағдайлардың ушығуы салдарынан Қазақстан шикізатты әлемдік нарыққа тиісті деңгейде шығара алмай отыр. Сол себепті республикалық бюджетке кен орындарынан түсетін салық азайып, 4 трлн теңгеден аса тапшылық бар. Отандық мұнай саудасы долларға тәуелді болғандықтан, әлемдік валютаның қымбаттауы ел үшін тиімді. Ал Трамп жеңісінен кейін доллар құны рекордтық деңгейге жетті.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-06
Утром-6.18 ℃
Днем-3.71 ℃
Вечером-5.42 ℃
Ночью-6.67 ℃
Влажность66 %
ДавлениеhPa 1041
Скорость ветра4.82 м/с
2024-12-07
Утром-8.31 ℃
Днем-4.33 ℃
Вечером-5.89 ℃
Ночью-6.84 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1047
Скорость ветра3.22 м/с