БҚО-да 2716 шетелдік автокөлік заңдастырылған

Тәуекелдерді басқару жүйесімен тағайындаған 85 кедендік тексеру жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша 57 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.

Ашық дереккөзден

БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Жүніс Кунчаев биылғы жылдың 10 айындағы кедендік әкімшіліктің жұмыс қорытындылары туралы айтып берді.

«Бүгінгі күні кедендік декларациялау «Астана-1″ ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің кеден бекеттері 13 865 тауарларға арналған декларацияларды рәсімдеді. Зияткерлік меншік нысандарына құқық бұзылу белгілері бар 27 ТД бойынша шығару тоқтатылды. Кеден заңнамасына сәйкес тоқтатылған тауарлар туралы ақпарат кеден органымен құқық иеленушіге жолданады. Тәуекелдерді басқару жүйесімен тағайындаған 85 кедендік тексеру жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша 57 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Анықталған құқықбұзушылықтардың қорытындысы бойынша өндіріп алынған айыппұлдар сомасы 1 384,5 мың теңгені құрады» — деді Жүніс Кунчаев.

Оның айтуынша, тәуекелдерді басқару жүйесі және басқада тапсырмалар бойынша барлығы 427 кедендік тексерулер жүргізілген. Нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 1 млрд 445 млн теңге кедендік салық өндірілді.

Сондай-ақ жыл басынан бері БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің тауарларға арналған декларациялар бойынша барлығы 2716 автокөлік құралы рәсімделді.

Бұл ретте барлығы 2 млрд 640 млн 296 мың теңге сомасында кедендік төлемдер мен салықтар төленді. Оның ішінде 59 млн 876 мың теңге сомасында кедендік алымдар, 1 млрд 368 млн 559 мың теңге кедендік әкелу баждары, 1 млрд 144 млн 27 мың теңге қосымша құн салығы, 67 млн 833 мың теңге акциздер төленді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-05
Утром-0.01 ℃
Днем1.25 ℃
Вечером0.41 ℃
Ночью0.3 ℃
Влажность77 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра2.18 м/с
2025-12-06
Утром0.33 ℃
Днем1.44 ℃
Вечером0.06 ℃
Ночью-0.65 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра2.29 м/с