Сенесіз бе: Елімізде орташа жалақы 11 пайызға өсті
Жасыратыны жоқ, еліміздің көптеген тұрғыны орташа жалақы мөлшерін естігенде миығынан күледі. «Бастықтардың жалақысы ғой» деп жатады.
Не десек те, биыл III тоқсанда еліміз бойынша айлық жалақының орташа мөлшері 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,3%-ға өсіп, 390328 теңгені құраған.
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың III тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Шымкент қаласында – 16,1%-ға, Алматы қаласында – 15,2%-ға, Абай және Ақтөбе облыстарында – 14,2%-ға, Қостанай облысында – 14,0%-ды құрады.
«2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі ақпарат және байланыста – 28,1 есе, қаржы және сақтандыру қызметі – 24,3%-ға, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 18,7%-ға, өнер, ойын-сауық және демалыс – 18,0%-ға, салаларында байқалды.
Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы – 13,8%-ға өсті, оның ішінде электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласында – 20,6%-ға, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет саласында – 18,3%-ға.
2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең төменгі өсуі, мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру – 5,9%-ға, құрылыс– 5,3%-ға салаларында байқалды», – делінген Ұлттық статистикалық бюро хабарламасында.