2024 жылдың басынан бері 25 мыңнан астам қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылған

Ағымдағы жылы 22 мыңнан астам жол апаты тіркеліп, онда 2 мың адам қаза тауып, 25 мыңнан астам адам жарақат алған.

Фото: Halyq Uni

ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев 14 қарашада ОКҚ алаңында Қазақстанда жол-көлік оқиғалары санының артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол ағымдағы жылы 22 мыңнан астам жол апаты тіркеліп, онда 2 мың адам қаза тауып, 25 мыңнан астам адам жарақат алғанын айтты. 

«Жол апаты мен жарақат алғандар көрсеткіштерінің өсуі жол-көлік оқиғаларын есепке алу тәсілінің өзгеруімен байланысты. Қазір денсаулыққа келтірілген зиянға қарамастан, жол апатынан кейін медициналық мекемеге жүгінген барлық адамдар есепке алынады», — деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сондай-ақ, ол 25 мыңнан астам адам жүргізуші куәлігінен айрылғанын атап өтті. 

«21 мыңға жуық мас жүргізуші ұсталды, 10 мыңға жуық қарсы жолаққа шығу деректерінің жолы кесілді. 25 мыңнан астам жүргізуші басқару құқығынан айырылды. 20 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды. 400 мыңға жуық жаяу жүргіншіге айыппұл салынды»,- деді Қайсар Сұлтанбаев.

Бұған дейін автожолдарда «жасырын» патрульдеу енгізілгені хабарланған болатын. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-09
Утром-5.64 ℃
Днем-7.84 ℃
Вечером-4.12 ℃
Ночью-5.28 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1039
Скорость ветра4.95 м/с
2025-12-10
Утром-5.92 ℃
Днем-4.14 ℃
Вечером-3.65 ℃
Ночью-4.17 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.19 м/с