Қазақстанда сақтандыру компаниялары жол апатында қаза тапқан адамдардың мұрагерлеріне өтемақы төлеуге міндеттемек

Сонымен қатар депутаттар көлікті міндетті сақтандыру төлемдерінің шекті сомасын 600 АЕК-тен (2,2 млн теңге) жоғарылатуды талап етті.

© коллаж: Еркебұлан Дуйсеболатов

Қазақстанда сақтандыру компаниялары жол апатында қаза тапқан қазақстандықтардың мұрагерлеріне өтемақы төлеуге міндеттемек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Депутаттар сақтандыру компанияларын жол-көлік оқиғаларында қаза тапқан қазақстандықтардың мұрагерлеріне сақтандыру төлемдерін төлеуге міндеттеуді, сондай-ақ көлікті міндетті сақтандыру төлемдерінің шекті мөлшерін арттыруды талап етті. 

Депутаттардың айтуынша, қазір егер адам жол апатында қайтыс болса, сақтандыру сомасы қайтыс болған адамның асырауында адамдар болған жағдайда ғана мұрагерлеріне төленеді. Сонымен қатар банк заңнамасының нормаларына сәйкес марқұмның несиелік қарыздары мұрагерлерден асырауындағылардың болуы ескерілмей өндіріп алынады.

«Тіпті баланың жол апатында қайтыс болуының сақтандыру заңнамасында ешқандай құқықтық салдары жоқ. Бір қызығы, жол-көлік оқиғаларында өлген үй жануарлары үшін сақтандыру төлемдері қарастырылған. Бұл әділеттілік пен парасаттылық қағидасына қайшы келеді. Сақтандыру адамдарды қорғауы керек», – дейді депутаттар. 

Сонымен қатар депутаттар көлікті міндетті сақтандыру төлемдерінің шекті сомасын 600 АЕК-тен (2,2 млн теңге) жоғарылатуды талап етті. Депутаттар бұл сома қазіргі жағдайда көлік жөндеу мен қалпына келтірудің нақты бағасына сәйкес келмейтінін айтады.

«Мысалы, қазір қымбат көліктің бір шамы бірнеше миллион теңге тұрады. Ал жөндеу жұмыстарының көлемі одан ондаған есе көп. Сонымен қатар, жол апатына кінәлі адам қымбат жөндеу жұмыстарына ақы төлей алмайды, бұл ақыр аяғында оның материалдық жағдайын нашарлатып қана қоймай, несие алып, мүлкін сатуға мәжбүр етеді», – дейді депутаттар. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-22
Утром-11.49 ℃
Днем-14.08 ℃
Вечером-17.01 ℃
Ночью-19.55 ℃
Влажность76 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра8.59 м/с
2025-01-23
Утром-19.47 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.04 ℃
Ночью-13.33 ℃
Влажность73 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра5.73 м/с