“Мама, ақша аударшы”: алаяқтар 17 адамды сан соқтырған

Келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 10 миллион теңгені құрайды.

Фото: Polisia.kz

БҚО-да полицейлер өзін жәбірленушілердің баласы ретінде көрсетіп, алаяқтықпен айналысқан топты ұстады. Қылмыстық топ үш жігіттен құралған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратөбе полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктілердің бірі WhatsApp қосымшасы арқылы педагогтердің іс-шарасын өткізу үшін құрылған жалпы чатқа кіргенін анықтады. Чаттың мазмұны мен хаттарды зерттегеннен кейін ол ондағы адамдардан ақша аударуды сұрап, жекелеріне шыққан. Бұл ретте күдікті жәбірленушілерге өзін солардың баласы сияқты таныстырып, өзінің телефоны сөніп қалғанын жеткізген.

Күдіктілердің сөзіне сеніп жәбірленушілер карта деректері мен CVV-кодтарын жіберген. Содан кейін алаяқтар қаражатты қолма-қол ақшаға алмастырған.

Қазіргі уақытта алаяқтықтың 17 фактісі бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр. Алданғандар арасында басқа өңірдің тұрғындары да бар екені анықталды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 10 миллион теңгені құрайды.

Полиция азаматтардан бөгде адамдармен телефонмен сөйлесу кезінде ғана емес, жалпы чаттарда хат алмасу кезінде де абай болуды сұрайды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-14
Утром-6.35 ℃
Днем-8.3 ℃
Вечером-9.82 ℃
Ночью-8.59 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 995
Скорость ветра12.27 м/с
2025-12-15
Утром-8.91 ℃
Днем-8.16 ℃
Вечером-8.61 ℃
Ночью-10.07 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.32 м/с