Ресей соңғы жылдары респессия құрбандарын ақтауды жаппай тоқтата бастаған

Көптеген репрессияланғандардың есімдері сот базасында жасырылған.

фото: ашық дереккөз

Ресей соты 2020 жылдан бастап саяси репрессия құрбандарын реабилитациялаудан бас тартып келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz BBC-ге сілтеме жасап.

МӘН-ЖАЙЫ

Прокуратура бір ғана кассациялық әскери сотта 250-ден астам репрессия құрбанын ақтауға бас тартуға қол жеткізген.

Прокуратураның бұл әрекетінің шырқау шегі 2023 жылы – Ресейдің Украинаға толыққанды басып кіруінің екінші жылында байқалған. Осы кезеңде прокуратура соттан 120-дан астам адамға реабилитацияны тоқтатуды немесе оған бас тартуды сұраған. Бұл 2020-2024 жылдар аралығында қаралған істердің жартысына жуығын құрайды.

ҚАНДАЙ ІСТЕР

Осы істердің кем дегенде 90-ы кеңестік қылмыстық кодекстің «Отанға опасыздық жасау» бабы (РСФСР ҚК 58.1-бабы) бойынша қаралған.

Қазіргі уақытта мұндай істерде 275-бап (мемлекеттік опасыздық) қолданылады. Сондай-ақ 2022 жылы пайда болған «шетелдіктермен құпия ынтымақтастық» туралы 275.1-бапқа ұқсас бұрынғы істердің 80-і қаралмай жатқаны хабарланды.

Көптеген репрессияланғандардың есімдері сот базасында жасырылған.

ВВС

СЕБЕБІ

Тарихшылар бұл жағдайды қазіргі ресейлік биліктің «опасыздарды» іздеу саясатымен тікелей ұқсастық көреді.

ИМПЕРИЯШЫЛ ПИҒЫЛ

Кремль Еуропаға қарай бой түзеп, болашақта Еуро одаққа, НАТО-ға қосылуды жоспарлаған батысындағы бауырлас ел Украинаға басып кіріп, өзінің империяшыл пиғылын анық көрсетіп келеді. Оның мұндай пиғылы көптеген салаларға араласуынан білініп қалады.

Жуырда тарихшы Сұлтанхан Аққұлұлы Астанадағы Кенесары ханның ескерткіші жөндеуге байланысты уақытша алатыны туралы ақпаратқа байланысы Ұлысқа берген пікірінде солтүстік көршінің ықпалы туралы сөз қозғаған. Ол таяуда өткен қазақ және Ресей тарихшыларының дөңгелек үстелінде көрші елдің тарихшылары қазақ тарихшыларына ортақ тарихты жазуды ұсынғанын айтқан. Ғалымның сөзінше ол жиында 19 ғасырда қазақ жерінің отарлап алынғаны, қазақ жерін тәркілеп алғаны, қазақтың мәдениетін тас-талқан етіп, ашаршылық ұйымдастырғаны туралы жазылмасын. Ресей мен Қазақ хандығының қосылуын Ресей империясы тарапынан мәдени жаңғырту ретінде қарастырайық деген әңгіме болған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-09
Утром-5.64 ℃
Днем-7.84 ℃
Вечером-4.12 ℃
Ночью-5.28 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1039
Скорость ветра4.95 м/с
2025-12-10
Утром-5.92 ℃
Днем-4.14 ℃
Вечером-3.65 ℃
Ночью-4.17 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.19 м/с