Енді ресми тіркеуден өтпеген такси жүргізушілері тапсырыс қабылдай алмайды

Жаңа жылдан бастап жеке тасымалдаушы есебінде тіркелмеген таксисттер «Яндекс», «Индрайв» секілді платформалар арқылы тапсырыс қабылдай алмайды. Олар сонымен қатар медициналық тексерістен өтуге міндеттеледі. Бұл туралы 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасында хабарлады.

Фото: Kursiv.media

Деректерге сүйенсек, тіпті бір мезгіл жолаушы тасымалдау үшін де алдымен тіркелу қажет. Сондай-ақ, әрбір жүргізуші еңбек және демалыс режимін сақтауға және медициналық тексеруден өтуге міндеттеледі.

“Медтексерістен өту дегенге мен негізі өзім қарсымын”. Жолға шығардың алдында әркез тексеріліп отыру қиын ғой. Дегенмен сегіз сағаттан артық жүрмеуді қолдаймын. Апат сол кезде азаяды деп ойлаймын”, “Бізді тіркемей ме, мысалы оң рөлді. Осыны алдық бала-шағаны асырау үшін. Енді қалай сонда бала-шағамызды асыраймыз. Оң рөлді алып тастауына қарсымын”, – деп пікір білдірді жүргізушілер.

Жүргізушілер кейбір талаптарды қайта қарауды ұсынып отыр. Пікірлерінше, рөлі оң жақта орналасқан көліктерді түбегейлі онлайн агрегаторлардан алып тастау дұрыс емес. Дегенмен бұл таксисттерге қойылатын жаңа талап өзгермейін деп тұр.

“Күнделікті рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексеруден өтуге, автокөлікті күнделікті техникалық байқаудан өткізуге, сол жақтан басқаратын техникалық жарамды автокөліктерді пайдалануға, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауға міндетті болады”, – деді әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Комитет өкілінің айтуынша, қазір интернет-агрегаторлар қосымшаларының жұмысын пысықтап жатыр. Өйткені, жүргізушіні тіркеп, талапқа сәйкестігін нақтылайтын өздері. Тапсырысты да солар үлестіреді. Сондықтан талаптардың орындалған, орындалмағанына көз жеткізулері шарт.

NEGE

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-10
Утром9.48 ℃
Днем17.99 ℃
Вечером16.34 ℃
Ночью14.26 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.79 м/с
2026-10-11
Утром12.39 ℃
Днем18.33 ℃
Вечером14.13 ℃
Ночью10.2 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.68 м/с