Оралда бала тәрбиесіне атүсті қараған екі ата-ана жауапкершіліке тартылды
Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік іс — әрекетін дұрыс ұйымдастыру. Ол үшін баланың күн тәртібі, жеке басына қойылған талаптар, міндеттер, үй еңбегіне араласуы, білімі, қызығушылықтары, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруына көмектесіп ықпалын тигізу. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы.

Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Ата-ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн.
Демалыс күндері Орал қаласының ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ойын-сауық мекемелері мен компьютерлік клубтарда рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды.
Рейдтер барысында полицейлер мұндай орындарға баруға жас шектеулерінің сақталуын тексерді және жасөспірімдердің ересектердің еріп-жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болмауын тексерді. Іс-шара құқық бұзушылық жағдайларының алдын алуға және кәмелетке толмағандардың денсаулығы мен өзге де жағдайларға ықтимал қауіп төндіретін жерлерде болуы мүмкін фактілерді анықтауға бағытталған.
Сонымен қатар тексеру барысында жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен, сондай-ақ ойын-сауық және компьютерлік клубтардың иелерімен кәмелетке толмағандардың осындай жерлерде болғаны үшін жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндірме әңгімелер жүргізілді.
Сонымен қатар 35 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, атап айтқанда кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүрудің 31 дерегі, түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол бергені үшін 2 тұлға жауапкершілікке тартылса, балаларын тәрбиелеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін 2 ата-ана жауапкершілікке тартылды.
Бүгінгі оқушы мемлекетіміздің ертеңгі үлкен азаматы, кәсіп иесі. Сондықтан да бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақты назардан тыс қалдырмаған жөн.