БҚО дәрігер өзінің кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыз қараған

Дәрігердің салғырттығынан БҚО тұрғыны аяғынан айырылды.

Фото: Halyq Uni

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, сотталушы Жәнібек аудандық ауруханасында хирург дәрігер қызметін атқарып жүріп, кәсіби міндеттерін тиісінше орындамаған.

Сот талқысында мәлім болғанындай, дәрігер 2023 жылы 25 қазан күні шамамен сағат 18.25-те аяғынан өндірістік жарақат алып, ауруханаға жеткізілген науқасқа салғырт қараған. Атап айтқанда, науқастың аяғындағы жараны антисептиктермен өңдеп, некрозданған (өлі еттенген) тіндерін, жара шеттерін кеспестен тұйық тігіп тастаған. Салдарынан қанды ірің сыртқа шықпай, тігілген жараға дренаж салынбаған. Сосын жарада ісіну сұйықтығы жиналып, ол тіндердің қысылуына әкеліп, инфекцияның пайда болуына әсер еткен.

Содан, 2024 жылғы 10 қарашада жәбірленушінің жарақат алған оң жақ аяғына ампутация жасалған. Осылайша, оның денсаулығына ауыр зиян келтірілген.

«Істі қарау барысында жәбірленуші өзіне келтірілген мүліктік залалдың сотталушымен өтелгенін, медиация тәртібімен татуласқанын, оған кешірім беретінін айтып, қылмыстық істі тоқтату туралы арызын берген. Сот қылмыстық іс материалдарын зерттеп, оларға баға бере отырып, сотталушының тарапынан жасалған қылмыстық әрекет ҚР ҚК 11-бабының 2-бөлігіне сәйкес онша ауыр емес қылмыстар санатына жататынын ескерді. Сотталушы ҚР ҚК 317-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағанымен, жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты ҚР ҚК 68-бабының 1-бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс тоқтатылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ», деп хабарлады ведомстводан.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-14
Утром-7.83 ℃
Днем-8.13 ℃
Вечером-9.01 ℃
Ночью-10.23 ℃
Влажность83 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра8.63 м/с
2026-01-15
Утром-12.76 ℃
Днем-12.64 ℃
Вечером-14.03 ℃
Ночью-15.24 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра7.64 м/с