«Денсаулыққа зиянды заттар бар». Қазақстанда 43 түрлі өнімді сатуға тыйым салынды

Азық-түліктің құрамында денсаулыққа зиянды заттар бар болуы мүмкін.

Ашық дереккөзден

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 1 500-ға жуық сүт, ет, шұжық және кондитерлік өнімдерді тексерген. Зерттеу барысында 69%-нан түрлі заңбұзушылықтар анықталыпты.
Атап айтсақ, 83 пайызында таңбалау дұрыс емес, 17 пайызы санитарлық талапқа сай келмейді. Демек, аталған азық-түліктің құрамында денсаулыққа зиянды заттар бар болуы мүмкін.
Петропавлда жылқы етінен дайындалған халал деп көрсетілген шұжықтан шошқаның ДНҚ-сы табылған. Ал Талдықорғаннан сатып алынған сары майдан ішек таяқшасы тобының бактериялары шыққан.

«Ресейден келген «Бабушкина крынка» сүт өнімі бар. Сонымен қатар ет өнімі «Черкизова» деген өнімдеріне тыйым салу туралы шешім қабылдадық. Өйткені ол өнімдер техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейді. Нақты айтатын болсақ тіл туралы заңға қайшы келеді, сонымен қатар 022 талаптарға сәйкес келмейді«, – деді ҚР СИМ техникалық реттеу және метрология комитетінің жетісу облысы бойынша департамент басшысы Бибігүл Омарова.

Зертханаға отандық және импорттық өндірушілердің ет, сүт, кондитерлік өнімдері мен өсімдік майлары берілген екен. Тексерілген өнімнің 83 пайызында таңбалау талаптары бұзылған. Демек, мемлекеттік тілде мәлімет болмаған.
Сонымен қатар өндіруші мен оның мекенжайы, өнімнің құрамы туралы ақпарат жазылмаған. Басым бөлігінде жарамдылық мерзімі көрсетілмепті. Ал тұрғындардың көбі азық-түліктің жарамдылық мерзімін тексермейтіндерін айтады.

«Сапалы өнім» жобасының нәтижелері өнім сапасын бақылауды күшейту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін көрсетеді. Тексерілген өнімдердің 69% астамында бұзушылықтар анықталуы жүйелік мәселе екенін көрсетеді», – делінген Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

«Сапалы өнім» жобасы аясында ел аумағында 43 түрлі өнімді сатуға тыйым салынып, 224 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Дереккөз: Informburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-09
Утром-11.94 ℃
Днем-9.01 ℃
Вечером-7.8 ℃
Ночью-9.44 ℃
Влажность73 %
ДавлениеhPa 1041
Скорость ветра4.65 м/с
2025-02-10
Утром-10.23 ℃
Днем-4.71 ℃
Вечером-7 ℃
Ночью-9.73 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1038
Скорость ветра4.48 м/с