Жеке кәсіпкерлер декларация тапсыра ма – қаржы министрі жауап берді

Президенттің ұсынысынан кейін үкімет 8 млн қазақстандықты табыс декларациясын тапсырудан босатуға шешім шығарды.

Кірістер комитетінің суреті

Қаржы министрі Мәди Тәкиев жеке кәсіпкерлер табыс декларациясын тапсыруды жалғастыра беретінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Жеке кәсіпкерлер үшін декларация тапсыру міндеті қала береді. Квазимемлекеттік сектордар бірінші басшылар мен олардың жұбайлары тапсырады. Олар жыл сайын емес, ал жеке кәсіпкерлер жыл сайын декларация тапсыруға міндетті», — деді Тәкиев мәжілісте өткен брифингте.

Бұдан бөлек, тағы бірнеше санат декларацияны тапсыра береді. Олар:

  • мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары;
  • 20 мың АЕК-тен (2024 жылда 73,8 млн теңгеден) артық мүлік сатып алғандар;
  • шетелде мүлік пен ақша, инвестициялық алтын, тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі, цифрлық актив, кредиторлық және дебиторлық берешек, құны 1000 АЕК-тен асатын бұйымдар сақтайтын адамдар.

Президенттің ұсынысынан кейін үкімет 8 млн қазақстандықты табыс декларациясын тапсырудан босатуға шешім шығарды.

Айта кетері, барлық ұсыныс заң жобасына енгізіледі. Оны депутаттар қолдауы қажет. Содан кейін ғана бұл бастамана іске асырылады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-14
Утром16.25 ℃
Днем25.5 ℃
Вечером22.45 ℃
Ночью18.48 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1002
Скорость ветра6.76 м/с
2026-06-15
Утром18.5 ℃
Днем26.81 ℃
Вечером19.32 ℃
Ночью17.97 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра6.91 м/с