Атыраудың мал базарында сібір жарасы анықталды

Мал базарының иесі кәсіпкер күйдіргіден өлген сиырмен бірге Батыс Қазақстаннан жүздеген мал әкелгенін айтады.

 istockphoto.com

Атыраудағы «Асыл агро» мал базарында өлген сиырдан Сібір жарасы анықталды. Ірі қара малдың Батыс Қазақстаннан әкелінгені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандар өлекседен сынама алып, нәтижесінде Сібір жарасы анықталған. Енді мал базары карантинге жабылды. Қазір ондағы адамдар бақылауға алынып, мал соятын цехтар мен базарлар түгел тексеріліп жатыр. 

“Батыс Қазақтан облысы Жанқала ауданы Жаңақазан ауылынан келген. Келген малдың ішінен бір бас ауырып өлді. Сібір жарасы анықталғаны рас. Қорытындысы келді. Астанаға ғылыми зерттеу орталығына 16-сы күні жіберілген. «Асыл агро» базары жабылды”, – дейді АШМ Ветеринарияны бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облысы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Нұркен Баяров.

Алайда мал базарындағы кәсіпкерлер сиыр Сібір жарасынан өлді дегенге сенбейді. 

“Біреудің жем беріп өліп қалған малын әкелесіңдер де, ауру шығарасыңдар. Ана кісінің малы, тек қана. Ол кісі жемді алдына мөшегімен лақтырып тастайды. Оған ешкім жауап бермейді ғой. Соның қасында тұрған адамдар, мысалы, бәрінің малы бар. Бәрі тірі. Тек сол кісінің малы өледі”, – дейді кәсіпкер Айдос Сайпеденов.

Сондай-ақ мал базарының иесі кәсіпкер күйдіргіден өлген сиырмен бірге Батыс Қазақстаннан жүздеген мал әкелгенін айтады. Ал олардың бәрі сойылып кеткен. 

“Егер жапса, ауру таралған болса, бүкіл базарды тексеріп, сараптама алып, ол базарларға да  карантин жариялау керек қой. Тек бізді жауып қоймай. Неге десеңіз, сол күні келген малдың бәрін, 150 бастай, мал басқа базарларға таратып, ет базарларында сойылып кетті”, – дейді мал базарының әкімшілігі Абу Құлбасов.

Санитарлық дәрігерлер  мен ветеринарлар қаладағы барлық мал базарын бақылауға алды. Малдарға екпе салынып қана қоймай, онымен байланыста болған адамдар да бақылауға алынды. Өйткені мамандардың сөзінше, ауру малдан адамға жұғады.

“Ауру мал анықталған жерге барып, мал күтіміне араласқан, малды әкелген, қарым-қатынаста болған адамның барлығы анықталып, мәліметтер денсаулық сақтау ұйымдарына берілді. 14 күнге бақылауға алынды. Жалпы бұл инфекция адамнан адамға жұқпайды. Малдан адамға жұғады”, – дейді Атырау облысы манитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары Алтынгүл Аймұратова.

Десе де адамдар арасынан Сібір жарасы әзірге анықталмады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-14
Утром12.65 ℃
Днем21.32 ℃
Вечером15.03 ℃
Ночью13.49 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.27 м/с
2026-10-15
Утром14.43 ℃
Днем21.44 ℃
Вечером16.26 ℃
Ночью13.64 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.53 м/с