Атырауда Сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен қасапшы ауруханаға жатқызылды

Қазір Атырау аумағына Батыс Қазақстан облысынан және Құрманғазы ауданынан мал әкеле жатқан көліктер тоқтатылып тексеріліп жатыр. 

Ашық дереккөзден

Атырауда Сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен бір адам инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Науқастың ауру малды сойған қасапшы екені анықталды.

“17 адам медицина қызметкерлерінің қадағалауында. Бір адамның қызуы көтеріліп, аурухағана жатқызылды. Сібір жарасына күдікті деп. Қазір науқастың жағдайы жаман емес. Зерттеуге алынды, анализ қорытындысын күтіп отырмыз”, – деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Альмира Сабырғалиева.

Науқастың әзірге нақты Сібір жарасын жұқтырғаны расталған жоқ. Себебі зертханалық сынама нәтижелері әлі дайын емес. Бейресми ақпарат бойынша, науқас Өзбекстан азаматы. Ол мал базарында қасапшы болып жұмыс істеген екен. 

Сібір жарасы тараған бұл базарда тағы бір сиыр ауырып өлген. Өлекседен сынамалар алынып, зертханаға жолданды. 

Қазір Атырау аумағына Батыс Қазақстан облысынан және Құрманғазы ауданынан мал әкеле жатқан көліктер тоқтатылып тексеріліп жатыр. Анықтама қағаздары жоқтар кері қайтарылуда. Сонымен қатар мал соятын жерлердің бәрін жіті тексеріліп жатыр.

“Сібір жарасы анықталуына байланысты қаладағы 4 мал сою пунктінен және сауда орындарынан 55 сынама алынды. Қорытындысы 7-10 күн аралығында шығады. Кеше тағы бір мал өлімі тіркелді. «Асыл-Агро» базарында. Одан сынама алынды. Астанаға жіберілді. Қорытындысы бес күн ішінде шығуы керек”, – деді Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат. 

Еске салсақ, бұған дейін Атыраудағы «Асыл агро» мал базарында өлген сиырдан Сібір жарасы анықталған еді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-06
Утром-8.96 ℃
Днем-5.19 ℃
Вечером-4.99 ℃
Ночью-7.58 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1039
Скорость ветра6.35 м/с
2025-02-07
Утром-10.59 ℃
Днем-7.78 ℃
Вечером-9.59 ℃
Ночью-10.68 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1047
Скорость ветра5.6 м/с