Сарапшылар 2025 жылы инфляция күшейетінін айтты

Сауалнамада мұнай бағасы, инфляция, ұлттық валюта бағамы, экономиканың өсу қарқыны, экспорт пен импорт сияқты маңызды көрсеткіштер талданды.

Сурет: Shutterstock

Қазақстан Ұлттық Банкі ел экономикасының болашағы туралы сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізілген макроэкономикалық сауалнаманың нәтижелерін жариялады. Сауалнамада мұнай бағасы, инфляция, ұлттық валюта бағамы, экономиканың өсу қарқыны, экспорт пен импорт сияқты маңызды көрсеткіштер талданды.

Негізгі көрсеткіштер:

  1. Мұнай бағасы:
    • 2024 жылы Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы 80,4 доллар болды.
    • 2025 жылы бұл көрсеткіш 76,5 доллар деп болжанған  (бұрынғы болжам – 75 доллар).
    • 2026 жылға мұнай бағасы барреліне 74 долларға дейін төмендеуі мүмкін.
  2. Экономикалық өсім:
    • 2024 жылы Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4%-дан 4,2%-ға жақсарған.
    • 2025 жылы өсу қарқыны 5%-дан 4,7%-ға дейін төмендейді деген болжам бар.
    • 2026 жылға болжам – 4,5% деңгейінде.
  3. Инфляция:
    • 2024 жылы инфляция 8,4% деңгейінде қалады.
    • 2025 жылға болжам 6,7%-дан 6,9%-ға дейін нашарлайды деп болжанды.
    • 2026 жылға инфляция 6%-ға дейін төмендейді дейді.
  4. Базалық мөлшерлеме:
    • 2024 жылы мөлшерлеме 14,6% деңгейінде болады деп болжанған.
    • 2025 жылы мөлшерлеме 12%-дан 12,5%-ға көтеріледі.
    • 2026 жылы бұл көрсеткіш 10,3% болады деп болжанды.

Сауалнамаға Қазақстанның және әлемнің нарықтық ахуалын талдайтын 13 ұйым қатысқан. Олардың ішінде зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар, рейтингтік агенттіктер мен нарықтың кәсіби қатысушылары бар. Ұлттық Банктің өз болжамдары сауалнамаға енгізілмеген, тек тәуелсіз сарапшылардың пікірлері қамтылған.

Бұл болжамдар экономиканың даму барысын түсінуге және болашақ стратегияларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осыған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 2025 жылғы инфляция динамикасына қатысты болжам жасады.

SARAPSHY.INFO

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-09
Утром0.71 ℃
Днем16.31 ℃
Вечером10.34 ℃
Ночью8.37 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра2.54 м/с
2026-10-10
Утром5.04 ℃
Днем19.71 ℃
Вечером15.41 ℃
Ночью11.14 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.64 м/с