БҚО соты жерді бүлдіргені үшін жол компаниясына 6,9 млн теңгеге айыппұл салды
Орал әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының шешімімен «Uniserv» ЖШС келіспеді және апелляция берді. Алайда апелляциялық сатыдағы сот компанияның мүдделерін қорғаған жоқ. Және оған заңға сәйкес айыппұл төлеуге шешім шығарды.

Сот процесінде БҚО Жер ресурстарын басқару департаменті талапкер болды.
Іс материалдарынан көрініп тұрғандай, БҚО Казталов ауданы Тереңкөл ауылдық округінің аумағында жоспардан тыс тексеру барысында жер мамандары «Uniserv» ЖШС «Казталовка-Жәнібек-РФ шекарасы» республикалық маңызы бар жөнделіп жатқан жолға іргелес жатқан жер учаскелерін заңсыз иемденгенін, бұл ретте осы учаскелерден топырақтың жоғарғы құнарлы қабатын жойғанын анықтады.
БҚО Жер ресурстарын басқару департаменті жол бойындағы жолдың шекарасына кірмейтін жер учаскесін өз бетінше иемденгені үшін жол компаниясына қатысты сотқа талап арыз берді. Нәтижесінде ол сотта жеңіске жетті.
