Енді кез келген қазақстандық баспана кезегіне тұра алады

Тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға сәйкес, енді кәмелет жасына толған кез келген қазақстандық ешқандай санатқа кірмесе де, баспана кезегіне тұра алады. 

Ашық дереккөзден

Енді елімізде кез келген адам баспана кезегіне тұра алады. Яғни ешбір санатқа кірмейтін азаматтардың да мемлекеттен тұрғын үй алуға мүмкіндігі бар. Баспана кезегі, пәтерлерді бөлу сияқты функциялар жергілікті әкімдіктен Отбасы банкіне өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға сәйкес, енді кәмелет жасына толған кез келген қазақстандық ешқандай санатқа кірмесе де, баспана кезегіне тұра алады. Өтінімді онлайн бере алады. Ал үй кезегінде тұрғандардың бірыңғай электрондық базасын жүргізу, азаматтарды есепке қою, баспана беру сияқты шешімдерді Отбасы банкі қабылдайды.

Үйді бөлу кезінде жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы аналар мен көпбалалы отбасыларға және мүгедектігі бар жандарға басымдық беріледі.

“ҚР азаматы мемлекеттен бір рет тұрғын үйге кезегіне тұруға мүмкіндік алады. Яғни оның атында соңғы 5 жылда үй болмауы керек немесе тұрып жатқан үйі апатты деп танылуы тиіс. Бұрын кезекке тұру үшін жаңағы мекемеге барып, өз санатыңызды растап, одан кейін тағы бір жерге барып кезекке тұру керек еді. Енді мұның қажеті жоқ. Тек Отбасына банкіне тіркелсе болғаны”, – деді «Отбасы Банкі» ақ басқарма төрағасының орынбасары Жансұлтан Матай. 

Жалға берілетін пәтерлерді үлестіру де Отбасы банкінің құзіретіне кірді. Банк азаматтардың табыс деңгейіне байланысты шешім шығарады. 

“Заңға сәйкес шешімді деректер қорынан қарап, шешім қабылдаймыз. Ары қарай, келісім жасап, оны алу әкімдіктің жұмысы. Кезектің барлығы әкімдіктің тарапынан Отбасы банкіне өткеннен кейін әкімдік тұрғын үй саясатына қатыспайды деген сөз емес. Әкімдік тұрғын үйді салу, оны жалға берумен айналысады”, – деді “Отбасы банк” өкілі.

Аталған өзгеріс 6 айдан кейін күшіне енеді. Оған дейін қазақстандықтарды есепке қоюмен жергілікті әкімдіктер айналысады. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-09
Утром-11.94 ℃
Днем-7.81 ℃
Вечером-7.8 ℃
Ночью-9.44 ℃
Влажность70 %
ДавлениеhPa 1041
Скорость ветра4.65 м/с
2025-02-10
Утром-10.23 ℃
Днем-4.71 ℃
Вечером-7 ℃
Ночью-9.73 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1038
Скорость ветра4.48 м/с