Вице-министр “Күнделіктегі“ орынсыз жарнамаға қатысты пікір білдірді

Оқу-ағарту министрлігіне ата-аналардан «Күнделік» электрон журналындағы жарнамалық контентке қатысты көп шағым түскен.

Фото: sputnik.kz

Оқу-ағарту министрінің орынбасары Арай Оразбаева «Күнделік» жүйесіндегі орынсыз жарнамаға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігіне ата-аналардан «Күнделік» электрон журналындағы жарнамалық контентке қатысты көп шағым түскен. Бұл контент оқушылардың жас ерекшеліктері мен психоэмоционал жағдайларына кері әсер етеді делінген.

Министрлік өкілі не дейді?

«Бұл контент оқушылардың жас ерекшеліктері мен психоэмоционал жағдайларына сәйкес келмеген. Сонымен қатар, ААЖ «Күнделік» тарапынан міндеттемелер орындалмаған, бұл мәселе жүйе әзірлеушілерімен бірнеше рет талқыланды. Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру қажеттілігіне назар аударып, келісім жүргізілді. Министрлік «Күнделік» жүйесіне еліміздің аумағындағы барлық білім беру сервисіне тең қолжетімділік беретін мемлекеттік серверлерде хостинг ұйымдастыру және интернет-ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр. Ақпараттық жүйелер саласындағы барлық өзгеріс пен жаңалық заң талаптарын сақтай отырып және білім беру үдерісіне барлық қатысушының мүдделерін ескере отырып жүзеге асырылады», — деді оқу-ағарту министрінің орынбасары Арай Оразбаева. 

Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес, жергілікті атқарушы органдарға қарасты мектептер EdTech саласындағы білім беру технологиялары мен жүйелерін өз бетінше таңдау құқығына ие екенін айтты. Оның айтуынша, қазір жағдай реттелген. 

«Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) хабарламасына байланысты, министрлік барлық қажетті міндеттемені уақтылы орындап, толық көлемде түсіндірме берді. Қазір жағдай реттелді. Министрлік өз тарапынан оқушылар, педагогтар және ата-аналар мүддесі үшін білім беру ұйымдарын сапалы әрі қауіпсіз цифрлық құралдармен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады», — деді ол. 

Бұған дейін «Күнделік» жүйесіндегі 4 миллион оқушының жеке мәліметі тарап кеткені белгілі болған еді. 

«Сыртқы монополияның күшімен Қазақстанның барлық баласы, мұғалімі мен ата-анасы мемлекет пайдалануға міндеттеген «Күнделіктен» күнделікті жағымсыз жарнама көруге мәжбүр. Соның ішінде этика мен ұлттық дәстүрге жат, сананы улайтын, жалаңаштанған, нәпсі мен ойынның жарнамасы көп», — дейді Ерлан Сайыров.

Компания туралы не белгілі? 

«Күнделік» ЖШС — қазақстандық IT-компания, электрон күнделік әзірлеуші. Компания нарықта 2016 жылдан бері тіркелген. Сол уақыттан бері бюджетке 166 миллион теңгеден аса салық төлеген. Компанияның бас басшысы — Мұхтар Ілиясов. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-18
Утром17.48 ℃
Днем29.75 ℃
Вечером30.3 ℃
Ночью22.6 ℃
Влажность23 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.66 м/с
2026-05-19
Утром19.87 ℃
Днем28.58 ℃
Вечером26.83 ℃
Ночью20.81 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра10.04 м/с