Енді төленбеген қарызыңыз болса, шетелге шыға алмайсыз

Шетелге шығуға шектеулердің тоқтатылуының жалғыз себебі – шетелде емделу қажеттілігі.

Фото: astana1life.kz

Сот әкімшілігінде борышкерлердің елден тыс жерлерге шығуына байланысты түйткілді мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Іс-шараға Бас прокуратураның, Әділет және Денсаулық сақтау министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Жеке сот орындаушылары республикалық палатасының өкілдері, облыстық және оған теңестірілген соттардың азаматтық істер жөніндегі сот алқаларының төрағалары, Сот әкімшілігі аумақтық департаменттерінің басшылары қатысты.

Іс-шараны өткізуге атқарушылық құжаттар бойынша борышкерлердің Қазақстаннан тысқары жерлерге шығуына уақытша шектеулерді тоқтата тұру туралы сот орындаушыларының қаулыларына соттардың санкция беру практикасын талдау нәтижелері арқау болды.

Әдетте, 147 мың теңгеден (40 АЕК) 3 айдан астам өтелмеген қарызы барларға жол жүру шектеледі.

Талдау нәтижелері көрсеткендей, биылғы 10 ай ішінде сотқа жіберілген 1768 қаулының 867-сі немесе әрбір екіншісіне санкция беруден бас тартылған.

Рұқсат беруден бас тарту шетелде емделу қажеттілігі туралы дәлелдердің болмауына және өз елінде емделу мүмкіндігінің болмауына байланысты. Мысалы, тізе жарақатын емдеуге шетелдік емхананың шақыруынан басқа ауруды шетелде емдеу қажеттілігі туралы медициналық құжаттар ұсынылмағандықтан, сот сот орындаушысының борышкердің жүруіне уақытша шектеуді тоқтату туралы қаулысына санкция беруден бас тартқан.

Сот орындаушылары заңда көзделмеген негіздер бойынша (қызметтік іссапарлар, жарыстарға қатысу, жақын туыстарын жерлеу және т.б.) жол жүруге уақытша шектеулерді тоқтату туралы қаулылар шығару жағдайларына жол берген.

Борышкерлер емделу үшін елден тыс жерлерге шығуға негіз ретінде Қазақстанда сәтті емделіп жатқан жиі кездесетін ауруларды (остеохондроз, гастрит, артрит, пульпит және т.б.) көрсеткен. Бұл жағдайға Қазақстанда емдеуге арналған тиісті технологиялар мен жабдықтар жоқ аурулар тізбесінің жоқтығы ықпал етіп отыр. Тоқтату мерзімі де реттелмеген.

Соның салдарынан борышкерлер өз құқықтарын жиі пайдаланып, мемлекет бюджеті мен алименттерді қоса алғанда, өтелмеген миллиондаған берешегі бар, оларға қатысты қойылған шектеулер мен тыйымдарды «айналып өтеді».

Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың борышкерлерге қатысты ақпарат алмасу жүйелері бір-бірімен жеткілікті түрде біріктірілмеген.

Бұл мәселе де сот орындаушыларына берілген құжаттардың орындалуын бақылауға мүмкіндік бермейді.

Талқылау қорытындысы бойынша осы саладағы кемшіліктер мен олқылықтарды жою жөнінде кешенді ұсынымдар әзірленіп, уәкілетті органдарға жолданды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-05
Утром2.22 ℃
Днем10.54 ℃
Вечером7.66 ℃
Ночью2.99 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра5.09 м/с
2026-10-06
Утром0.36 ℃
Днем11.64 ℃
Вечером12.6 ℃
Ночью10.54 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра3.96 м/с