Ағаштар орынсыз кесіледі — оралдық эколог көгалдандыру мәселесін көтерді

Орал қаласы әкімдігінде өткен жиында шаһарды көгалдандыру, табиғат қорғау бағытында өзекті мәселелер талқыланды.

Фото: Дархан Сариев

Жиынды өткізуге бастамашы болған «Батыс Қазақстан экологиялық географиялық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дархан Сариевтің мәлім еткеніндей, осы орайда ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 62 бұйрығымен бекітілген елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік қағидаларын басшылыққа алуымыз керек.

ағаш
Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform

Аталмыш құжатта «Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің көгалдандырылған аумақтарын дамыту дендрологиялық жоспарға сәйкес жүргізіледі», деп анық жазылған.

Сонымен қатар елді мекендердің аумақтарын абаттандыру туралы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің ережелер жинағында жер телімдерінің көгалдандырылған аумақпен қаншалықты қамтамасыз етілетіні көрсетілген. Мысалы, тұрғын үй телімдері 40-60 пайыз жасыл желекпен қамтылуы керек.

ағаш
Фото: Дархан Сариев

Д.Сариевтің сөзіне қарағанда, қалада тұрғын үй құрылысы кезінде мұндай талап сақталмайды. Айталық, У.Громова көшесі бойында салынған көпқабатты үй ауласында бірде-бір терек отырғызылмаған. Ондағы тұрғындар кілең тастың ортасында қалай тыныс алмақшы? Осындай үй 9-шағынауданда да бой көтерген.

«Белгілі бір құрылыс саларда архитектор сәулет-жоспарлау тапсырмасын беріп, онда аталған ережелер жинағындағы кестеге сәйкес, мысалы, көгалдандыруға қатысты талаптарды көрсетуі керек. Мұндай тапсырма құрылыс салушының өтініміне сәйкес беріледі. Өкінішке қарай, олай жасалмай келеді. Ол ол ма, кәсіпкерлер бизнес нысандарын салған кезде шектен шығып кетеді. Яғни олар автотұрақтарды өзіне тиесілі аумақта емес, жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде, тіпті көгалдың орнына орнатады», — дейді Д. Сариев.

Қоғам белсендісі сонымен қатар қалада ағаштардың орынсыз кесілетініне қапалы. Оның мәлімдеуінше, шаһар орталығында орналасқан М.Ықсанов атындағы № 36 орта мектеп ауласында отыздан астам ағаштың түбірі ғана қалған. Олардың орнына егілген ағаштар дұрыс отырғызылмаған. Арақашықтық сақталмаған.

«Ағаш кәрі болса да, оның қураған бұталарын дұрыс кессе, сақтап қалуға болар еді. Сондай-ақ кез келген жерге шыршаны тыға беруді қою керек. Ол газы көп жерде өсе бермейді, ондай аумақтарда оттегіні көп бөлетін ағаш түрін еккен дұрыс. Тоқетері, көгалдандыру жұмыстары дендрологиялық жоспарға сәйкес жүргізілуі тиіс. Қаладағы жасыл белдеуді сақтау үшін кезінде Жайық, Шаған, Деркөл өзендерінің су қорғау аймақтарынан берілген жерлерді кері қайтару қажет. Қорыта айтқанда, арнайы комиссия құрып, жұмыстануымыз керек», — деді Дархан Сариев.

Қала әкімінің орынбасары Азамат Халелов бұл ұсынысты қолдайтынын жеткізіп, көгалдандыру мәселесінде барлық тараптың, соның ішінде құрылысшылардың, кәсіпкерлердің мүддесін ескеру керектігін айтты.

«Қала бойынша қаланың жасыл қоры 80 пайызға ескірген. Олардың көпшілігі отырғызылғанына 60-70 жыл болған қарағаштан тұрады. Құрманғазы және басқа көшелерде қисайып тұрған ағаштарды көруге болады. Жел соқса болды, көпқабатты үйлердің терезесін ұрғылай бастайды. Көліктердің үстіне құлап та жатады. Сондықтан апаттық жағдайдағы ағаштарды қауіпсіздік мақсатында кеспесе тағы болмайды. Осы жерде айта кетейін, соңғы үш жылда егілген 4 мыңнан астам ағаштың жерсінуі — 91 пайыз. Олар демеушілер есебінен отырғызылса, тал-теректі санитарлық кесу, баптап-күту жұмыстарымен „Жайық Таза қала“ ЖШС айналысады. Дендрологиялық жоспарды жасау жөніндегі ұсынысты толық қолдаймыз. Су қорғау аумақтарында берілген жерлерді кері қайтару жұмыстары да кезең-кезеңмен атқарылатын болады. Көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі комиссия құрумен Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі айналысады. Оған қалалық мәслихат депутаттары, қоғам өкілдері де кіретін болады», — деді А.Халелов.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, география ғылымдарының кандидаты Қажымұрат Ахмеденов Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысына сәйкес 2024-2025 жылдарға арналған көгалдандыруға байланысты ғылыми ұсынбалар әзірленгенін жеткізді.

«Ғалымдар барлығы 33 учаскеде тал-теректерді инвентеризациялау жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, 21 тынымбақ, 2 саябақ, 1 аллея, 1 жағалау, 8 көшеде өсіп тұрған ағаштар зерттеліп, сипаттама жасалды. Осы ғылыми ұсынбаны да пайдалануға болады», — деді Қ.Ахмеденов.

Жиналыста айтылған пікірге байланысты М.Ықсанов атындағы № 36 орта мектеп директоры Ерік Темірғалиев Kazinform тілшісіне былай деді.

«Өте кәрі ағаштардың кесілгені рас. Олардың орнына 35 шырша, жағалай сирень, туя отырғызылды. Бұл — жұмыстың бірінші кезеңі. Алдағы жылы жалғасын табады. Табиғатта жаңару деген ұғым бар, ол өмірде де, қоғамда да болатын құбылыс қой. Ал теректің түбірлері белгілі бір жүйемен алынады. Ағаштар дұрыс отырғызылмаған дегенге келсек, бұл жұмыс дизайнер маманның кеңесімен жүзеге асырылуда», — деді Е.Темірғалиев.

KAZINFORM

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-17
Утром-9.55 ℃
Днем-5.48 ℃
Вечером-4.15 ℃
Ночью-3.38 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра5.33 м/с
2025-01-18
Утром-3.63 ℃
Днем-3.69 ℃
Вечером-3.32 ℃
Ночью-3.27 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра4.66 м/с