БҚО-да өрт салдарынан бір қора мал тірідей өртеніп кетті
Өрт 450 шаршы метр аумақты шарпыды.
28 қарашада Ақжайық ауданының Алғабас ауылында жеке үйде өрт болды. 37 тонна шөп пен қосалқы ғимараттар өртенді. Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлады.
Өрт 450 шаршы метр аумақты шарпыды, ол сөндірілді. Алайда, өрт салдарынан 14 ірі қара мал жанып кетті.
Құтқарушылар шөп қораны тұрғын үйлерден, қосалқы құрылыстардан және жолдардан алыс ұстау керектігін еске салды.