Бейімделгеннен басқа амал жоқ – экономист доллардың қымбаттауы жайлы

Саудаласып, тауарды әртараптандырып, өндірісті ұлғайтып, ресейлік және қытайлың тәуелділіктен арылу керек. 

Ulysmedia коллажы

Белгілі экономист Расул Рысмамбетов доллардың қымбаттауы және келешектегі болжамды құны жайлы Ulysmedia.kz порталының сұрағына жауап берді.

ЭКОНОМИСТ НЕ ДЕЙДІ

Сарапшылармен ақылдаса келе Расул Рысмамбетов теңгенің күні алда не болатыны жөнінде сұраққа нақты жауап жоқ дейді.

– Қазір теңгенің әлсіреуіне негізгі екі үлкен фактор әсер етті. Олардың бірі – доллар индексінің күшеюі, бүкіл әлемдегі валюталарда доллар қымбаттай түсті. Бұл бір. Екіншіден, валюталық пайда түсіріп келген Ресей компанияларына қарсы салынған санкциялардың әсері. Сол себепті Ресейде доллар бұрынғыдан бетер нығая түсті. Біз Ресеймен көрші экономикамыз. Импорт, экспорттың Ресеймен ауқымы үлкен. Сол себепті банк клиенттері долларды сатып ала бастады. Бұл айналып келіп, доллардың нарықтық бағадан сәл қымбаттауына апарып соқты, – дейді сарапшы.

Фото:  vlast.kz

Расул Рысмамбетовтің сөзінше, теңгенің енді 490 деңгейіне қайтуы қиын болады.

– Сондықтан, бұл жаңа шынайылық. Бұл ешкімді қуантпайды. Бейімделуден басқа амал жоқ. Бұл жағдайдан тез шығу қиын. Саудаласып, тауарды әртараптандырып, өндірісті ұлғайтып, ресейлік және қытайлың тәуелділіктен арылу керек. Бәсекеге қабілетті тауардың бәрі бойынша экспортты дамыту керек. Өкінішке қарай, мұның еш жақсы нышаны жоқ, – дейді ол.

ДОЛЛАРДЫҢ ҚЫМБАТТАУЫ

28 қарашадағы Қазақстанның айырбастау пункттерінде валюталардың орташа өлшенген бағамы белгілі болды. Доллар 525 теңгеге сатыла бастады. 18 қарашада Қазақстанның айырбастаушыларындағы доллар бағасы 500 теңгеден, ал 26 қарашада 503 теңгеден асқан еді.

Ұлттық банк осыған байланысты интервенция жүргізіп жатыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-20
Утром-1.77 ℃
Днем-1.71 ℃
Вечером-1.22 ℃
Ночью-2.2 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра6.13 м/с
2025-01-21
Утром-6.08 ℃
Днем-9.41 ℃
Вечером-11.28 ℃
Ночью-12.31 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра9.18 м/с