Қазақстандық ғалымдар әзірлеген қатерлі ісікке қарсы препарат сынақтың екі бастапқы кезеңінен сәтті өтті

 Сынақтар Қазақ онкология және радиология институтында өтуде. 

Фото: ғаламтордан

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті, NU биология профессоры Дос Сарбасов қатерлі ісікке қарсы препаратты әзірлеу барысы туралы айтты.

Дәрі-дәрмекті бірінші рет қабылдағаннан кейін он бес онкологиялық науқастың жағдайы тұрақтанды, олардың алтауында ісіктің өсуі тоқтады, ал біреуінде ол тіпті 30%-ға азайды. Қазіргі уақытта дәрігерлер препаратта уыттылықтың жоғы расталғаннан кейін оның дозасын арттырды.

«Біз қатерлі ісікке қарсы аппаратты 2022-2023 жылдары сынай бастадық, рұқсат құжаттарын алдық. Клиникалық сынақтың 1-ші және 2-ші кезеңдерін өткіздік. Қазір біз жоғары дозаны алуға қол жеткіздік. Сынақтар Қазақ онкология және радиология институтында өтуде. Біз глюкозаны сіңіретін рак клеткаларын жоямыз. Халықаралық патентіміз бар. Бақылау тобында болған 5 пациенттің жағдайын тұрақтандыруға әсер етті. Ісік өскен жоқ, бір науқаста ісік 30%-ға азайды. Істі соңына дейін жеткізіп, 2-3 жыл ішінде жобаны аяқтауымыз керек», — деді Дос Сарбасов.

NEGE

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-24
Утром-23.19 ℃
Днем-18.56 ℃
Вечером-20.97 ℃
Ночью-22.65 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра4.55 м/с
2026-01-25
Утром-24.75 ℃
Днем-19.01 ℃
Вечером-21.63 ℃
Ночью-23.47 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра4.22 м/с